Preview

Медицина және экология

Кеңейтілген іздеу
№ 3 (2025)
Шығарылымды жүктеу PDF (Russian)

ӘДЕБИЕТ ШОЛУЫ

8-14 5
Аңдатпа

Қазіргі әлемде еркін радикалдар мен антиоксиданттық қорғаныс арасындағы тепе-теңдіктің болмауымен сипатталатын тотығу стрессі әртүрлі аурулардың патофизиологиясының негізгі факторы ретінде қарастырылатыны және белсенді зерттеу объектісі болып табылатыны кеңінен танылды. Жасушалардың зақымдануы гидроксил радикалдарының қатысуымен ДНҚ, липидтер және ақуыздармен өзара әрекеттесудің ерекше өнімдерінің пайда болуына әкелетін тотығу стрессіне байланысты. Дененің антиоксидантты қорғанысы олардың синтезі мен айналымын бақылайтын гормондармен реттелетін ферментативті және ферментативті емес молекулаларды қамтиды.

Зерттеулер көрсеткендей, гипотиреоз да, гипертиреоз да тотығу стрессімен байланысты болуы мүмкін, бұл әртүрлі органдарда, сондай-ақ Қалқанша безінің өзінде патологияның дамуына ықпал етуі мүмкін. Алайда, пурин алмасуының бұзылуы мысалында биологиялық химия деңгейіндегі ықтимал өзгерістер туралы мәліметтер жеткіліксіз; осы шолу мақалада біз қалқанша безінің гормондары мен тотығу стрессінің антиоксидантты реттеуін қалыпты және қалқанша безінің қызметі бұзылған кезде қарастырамыз. Бұл гормоналды теңгерімсіздік компенсаторлық механизм болып табылады, ол алмастыру терапиясының мүмкіндігін одан әрі зерттеуді қажет етеді. Осылайша, тотығу стрессінің параметрлерін бағалау оның патофизиологиядағы рөлін түсінуге айтарлықтай үлес қоса алады.

15-27 6
Аңдатпа

Зерттеудің мақсаты. Жүрек жеткіліксіздігін диагностикалауда жасанды интеллекттің қолдану тәсілдерін жүйелі түрде шолу, қолданылған алгоритмдер мен модельдерді сипаттау, қолданылған медициналық деректер түрлерін (ЭКГ, эхокардиография, электрондық медициналық жазбалар (ЭМЖ), КТ/МРТ, ангиография, киілетін құрылғылар) баяндау, модельдердің тиімділігін (дәлдік, AUC, сезімталдық/ерекшелік) бағалау және клиникалық енгізу мүмкіндіктері мен перспективаларын – Қазақстандағы жағдай мен қиындықтарды ерекше ескере отырып – бағалау.

Материалдар және әдістер. PubMed, Scopus, Web of Science, IEEE Xplore және Google Scholar дерекқорлары бойынша 2015 – 2025 жылдар аралығындағы мақалалар жүйелі түрде ізделді; жүрек жеткіліксіздігін диагностикалауда жасанды интеллект қолданған ағылшын және орыс тіліндегі рецензияланған зерттеулер анықталды. Екі тәуелсіз шолушы мақалаларды іріктеп, деректерді шығарды және сапасын бағалады; 60 сәйкес зерттеудің нәтижелері сипаттамалық түрде біріктіріліп, деректердың жеткілікті біркелкілігі болған жағдайда сандық синтез жүргізілді.

Нәтижелер және талқылау. 2015 – 2025 жылдар аралығындағы 60 зерттеу көрсеткендей, ЭКГ, эхокардиография, ЭМЖ, медициналық бейнелеу және киілетін құрылғылар деректеріне қолданылған жасанды интеллект модельдері әдетте 85-95% аралығындағы диагностикалық дәлдік көрсетті (AUC мәндері 0.97 дейін). ЭКГ негізіндегі алгоритмдер HFrEF-ті сенімді түрде анықтады, ЖИ арқылы жетілдірілген эхокардиография сегментацияны жақсартып, операторға тәуелділікті азайтты; көпмодальды модельдер терапияға жауапты (оның ішінде CRT – жүректі қайта синхрондау терапиясы) болжауды жақсартты. Қазақстандағы енгізу әлі бастапқы сатыларда болып, бұл процеске цифрлық инфрақұрылым мен деректерге қолжетімділік сияқты шектеулер әсер етеді.

Қорытынды. Жасанды интеллект – жүрек жеткіліксіздігін диагностикалауда дәлдік, жеделдік және клиникалық шешімдерді дараландыруды жақсартуға мүмкіндік беретін перспективалық бағыт. Кең ауқымды клиникалық енгізу үшін (әсіресе Қазақстан жағдайында) проспективті валидация, стандартталған хаттамалар, жергілікті репрезентативті деректер жиынтықтары, сенімді сандық инфрақұрылым және мамандарды оқыту қажет.

27-34 11
Аңдатпа

Өкпенің кәсіптік шаң ауруларының, соның ішінде өкпенің созылмалы обструктивті ауруының алдын алу, емдеу және оңалтудың қазіргі заманғы тәсілдеріне шолу жасалып, еңбекке қабілеттілігін сақтауға баса назар аударылды. Дәлелдемелер деңгейін бағалай отырып, мақалаларды, нұсқаулықтарды және кәсіби қауымдастықтардың ұсыныстарын қоса алғанда, ғылыми әдебиеттерге талдау жүргізілді. Емдеудің патогенетикалық принциптері, дәрілік және дәрілік емес әдістер (өкпе реабилитациясы, физиотерапия, бальнеотерапия), олардың тыныс алу функциясын, өмір сапасын жақсартудағы және еңбекке жарамсыздықты төмендетудегі тиімділігі сипатталған. Алдын алу техникалық, гигиеналық және медициналық шараларды қамтиды.

Кәсіби этиологияның созылмалы обструктивті өкпе ауруы кешенді тәсілді қажет ететін жаһандық мәселе болып қала береді. Қолданыстағы әдістер тиімді, бірақ алдын алу және оңалту үшін жаңа шешімдер қажет.

35-47 7
Аңдатпа

Бауырдың созылмалы диффузды аурулары (БСДА) – әртүрлі себептерге байланысты пайда болатын және бауыр паренхимасының зақымдалуымен сипатталатын нозологиялық бірлік. Бұл аурулар бауыр қызметінің биохимиялық көрсеткіштерінің қалыпты жағдайдан ауытқуымен және 6 айдан астам уақыт бойы жалғасуымен ерекшеленеді.

Соңғы онжылдықта БСДА гепатологтар мен дәрігерлердің басты назарында тұр. Себебі бауыр ауруларының таралу жиілігі жылдан жылға артып келеді. Әсіресе, еңбекке жарамды жастағы адамдар арасында жиі кездесуі олардың өмір сапасын айтарлықтай төмендетеді. Қазіргі әдеби деректерге сүйенсек, бауырдың созылмалы аурулары ерте мүгедектік пен өлімнің негізгі себептерінің бірі болып табылады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәліметі бойынша, соңғы 20 жылда вирустық және вируссыз этиологиялы бауыр ауруларының тұрақты өсуі байқалуда. Әлем бойынша 2 миллиардтан астам адам БСДА-мен ауырады, бұл көрсеткіш АИТВ инфекциясынан 100 есе жоғары. Мұндай науқастардың басым бөлігі еңбекке жарамды, әлеуметтік белсенді адамдар. БСДА этиологиясы әртүрлі қабыну ауруларын қамтиды. Осыған байланысты, бауыр ауруларының даму барысы «бауыр континуумы» деп аталатын бірізділік бойынша жүреді. Бұл континуумның соңғы кезеңі – бауыр жасушаларының қатерлі ісігі (ГЦК). Сондықтан БСДА-ның өз уақытында емделуі мен алдын алу шаралары, сондай-ақ континуумға тиімді араласу – қазіргі гепатологияның маңызды мәселелерінің бірі.

Азия, Африка және Латын Америкасы аймақтарындағы эпидемиологиялық мәліметтердің аздығын және бауырдың созылмалы диффузды ауруларының таралуындағы аймақтық және жас ерекшеліктерінің сәйкессіздігін ескере отырып, бұл мәселені толық зерттеу қажет.

Бұл шолудың мақсаты әртүрлі этиопатогенездік факторларға байланысты диффузды инфильтративті және қабыну ауруларының таралуы туралы әдеби деректерді іздеу болып табылды.

Мақсатқа жету үшін Scopus және PubMed дерекқорларындағы шетелдік авторлардың соңғы 10 жылдағы (іздеу тереңдігі) орыс және ағылшын тілдеріндегі 38 толықмәтінді жарияланымы талданды.

ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ГИГИЕНА

48-54 5
Аңдатпа

Көкжөтел – жедел респираторлық инфекция, ұстама тәріздес жөтелмен сипатталатын, вакцинациядағы жетістіктерге қарамастан, әлемдегі балалар арасында аурушаңдық пен өлім-жітімнің негізгі себептерінің бірі болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, жыл сайын шамамен 60 миллион адам көкжөтелмен ауырады, оның ішінде 1 миллионнан астамы – 1 жасқа дейінгі балалар. Вакцинацияның жоғары деңгейіне қарамастан, АҚШ, Австралия және Нидерланд сияқты көптеген дамыған елдер көкжөтел бойынша эпидемияларға тап болуда. Аурушаңдық туралы ресми статистикалық деректер нағыз ахуалды көрсетпеуі мүмкін, себебі тек 10-12% жағдайда диагноз қойылады.

Бұл зерттеудің мақсаты – 2020 – 2024 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Ақтөбе облысындағы коклюш эпидемиялық процесінің динамикасын талдау. Зерттеуде аталған кезеңдегі көкжөтел бойынша аурушаңдық туралы статистикалық деректер санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен алынды.

Талдау көкжөтел бойынша аурушаңдықтың тең емес таралуын, 2024 жылы алдыңғы жылдармен салыстырғанда жағдайлардың айтарлықтай өсуін көрсетті. Аурушаңдықтың негізгі өсім факторлары – вакцинацияның төмендеу деңгейі және халықтың антивакциналық  көзқарастары. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, 2024 жылдың басында 1440 көкжөтел жағдайы тіркелді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда айтарлықтай жоғары.

Бұл зерттеу халықты вакцинациялау деңгейін көтеру мен  қауіпсіздік туралы хабардарлығын арттыру қажеттілігін көрсетеді.

55-65 4
Аңдатпа

Зерттеудің мақсаты. Жоғары онкогенді адам папилломасы вирусының (АПВ) түрлерінен туындаған инфекциялар адам ағзасында сақталуы мүмкін, бұл жатыр мойнының ауыр зақымдануының даму қаупін арттырады, олардың кейіннен жатыр мойны обырының инвазивтік асқынуына әкеледі.

Материалдар мен әдістер. Жатыр мойны обыры және АПВ инфекциясы туралы деректер 2024 – 2026 жылдарға арналған «Обыр алды жағдайларды тиімді диагностикалау мен емдеуге кешенді тәсілді әзірлеу арқылы АПВ зерттеу ұлттық бағдарламасы» ғылыми жобасына енгізілген 402 әйелден жиналды. Зерттеу Қазақстан Республикасы Ғылым және білім министрлігінің бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру аясында жүргізілуде.

Нәтижелер және талқылау. АПВ сынамасының оң нәтижесі бар біздің зерттеудегі әйелдердің орташа жасы 33,08±6,62 жасты құрады. АПВ жұқтырған әйелдердің ішінде әрбір үшінші әйел некеде тұрмаған – 31,2%, ажырасу 12,8% құрады. Барьердық контрацепция  әдісі 33,8%-ға белгіленді.  Бірақ контрацепцияның тосқауыл әдісін қолданғанына қарамастан, науқастар АПВ жұқтырған. АПВ-16 және және АПВ-52 қалыпты және қалыпты емес цитологиясы бар науқастарда ең көп таралған түрлері болды. Жеңіл және ауыр дисплазия көбінесе АПВ-16, АПВ-33, АПВ-52, АПВ-58 түрлерінде байқалады.

Қорытындылар. Жасы және отбасылық жағдайы сияқты әлеуметтік-демографиялық факторлар АПВ жұқтыру қаупіне айтарлықтай әсер етеді. Жас әйелдерде, тұрмыс құрмаған әйелдерде және күні бойы жұмыс істейтін әйелдерде жұқтыру деңгейі жоғары.

КЛИНИКАЛЫҚ МЕДИЦИНА

66-73 6
Аңдатпа

Мақсаты. Аортокоронарлы шунттаудан кейін артық салмағы бар науқастарда эпикард майының  қалыңдығының динамикасын дене салмағы қалыпты науқастардағы осы көрсеткіштің динамикасымен салыстыру.

Жабдықтар және әдістер. Когорттық зерттеуге 91 пациент қатысты. Барлық пациенттер 2 топқа бөлінді: 1 топ – аортокоронарлы шунттаудан кейін артық салмағы бар науқастар (n=48) және 2 топ – аортокоронарлы шунттаудан кейін қалыпты дене салмағымен науқастар (n=43). Пациенттер аортокоронарлы шунттаудан кейін алғашқы тәулікте, содан кейін – оңалтудың 1, 2 және 3 кезеңдерінде тексерілді. Клиникалық тексеру жүргізілді, антропометриямен жалпы тексеру, қан қысымын өлшеу, дене салмағының индексін анықтау кірді. Зерттеудің инструменталды әдістерінің ішінен трансторакальды эхокардиография қолданылды. Деректерді статистикалық талдау ЅТАТІЅТІСА 12 бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы жүргізілді.

Нәтижелер және талқылау. Оңалтудың әртүрлі кезеңдеріндегі 1-ші топта аортокоронарлы шунттаудан кейін алғашқы тәулікте эпикард майының қалыңдығы 4,14±1,63, оңалтудың бірінші кезеңінде 4,11±1,37 дейін төмендегені, екінші кезеңде 3,69±0,66 дейін төмендегені, ал оңалтудың үшінші кезеңінде 4,54±1,28 дейін ұлғайғаны анықталды.

Қорытындылар. Артық салмағы бар науқастарда аортокоронарлы шунттау операциясынан кейінгі кезеңде эпикард майының қалыңдығы аорто-коронарлы шунттаудан өткен, бірақ қалыпты дене салмағы бар емделушілерде эпикард майының қалыңдығымен салыстырғанда 2 есе жоғары болды.

Артық салмағы бар науқастарда аорто-коронарлы шунттаудан кейін, эпикардиальды майдың қалыңдығы кардиореабилитацияның 3-ші кезеңінде, оларда оңалту іс-шаралары басталғанға дейін осы көрсеткішпен салыстырғанда, статистикалық тұрғыдан едәуір жоғары және аортокоронарлы шунттаудан өткен қалыпты дене салмағы бар пациенттердің эпикардиальды майының қалыңдығымен салыстырғанда айтарлықтай жоғары.

Эпикард майының қалыңдығы  көрсеткішінің жоғарылауы сол жақ қарыншаның миокард массасының индексінің жоғарылауымен бірге кардиореабилитациялық шаралардың тиімсіздігінің және аортокоронарлы шунттаудан өткен артық дене салмағы бар науқастардың эпикардындағы май алмасуының тұрақсыздығының болжаушысы ретінде қарастырылуы мүмкін.

74-82 3
Аңдатпа

Республикасы, Қарағанды қ., Гоголь к-сі, 40; e-mail: ainurorynbassar@gmail.com

Мақсаты. Ревматоидты артриті бар науқастардың перифериялық қанының мононуклеарлық жасушаларындағы иммундық жауап гендерінің экспрессиясына кіші интерференциялық РНҚ-ның әсерін анықтау.

Материалдар және әдістер. РА-мен ауыратын науқастардың перифериялық қанының мононуклеарлық жасушалары тығыздық градиентінде центрифугалау әдісімен алынды. Синтетикалық миРНК PBMC-ге трансфекция әдісімен енгізілді. Трансфекция үшін коммерциялық реагенттер (мысалы, липофектамин) қолданылды. Ген экспрессиясы нақты уақыттағы ПТР әдісімен (ΔΔCt, log₂ Fold Change) ген нокдаунынан кейін 48 сағаттан соң бағаланды. GAPDH экспрессиясы эндогендік бақылау ретінде қолданылды. Статистикалық өңдеуге Манн–Уитнидің параметрлік емес U-критерийі (p=0,05) енгізілді.

Нәтижелер және талқылау. INF-γ, IL-4, TLR4 және TLR7 гендерін нысанаға алған арнайы кіші интерференциялық РНҚ-мен трансфекциялау TLR4 экспрессиясының 43,9%-ға (p=0,0286) және TLR7 экспрессиясының 38,4%ға (p=0,0211) төмендеуіне әкелді.

Қорытынды. Зерттеу PBMC-ні молекулалық механизмдерді зерттеудің in vitro моделі ретінде пайдаланудың өзектілігін растады, иммундық жауаптың ерекшеліктерін қайта жаңғырту мүмкіндігін көрсетті. Нысаналы гендерге бағытталған миРНК-ның сәтті трансфекциясы таңдалған әдістің жоғары дәлдігі мен тиімділігін көрсетті және ген экспрессиясының айтарлықтай төмендеуіне алып келді. миРНК-ның TLR4 және TLR7 экспрессиясын тиімді басу қабілеті, бұл нысаналардың сайленсингке сезімтал екенін және TLR-рецепторлардың молекулалық араласу үшін перспективалы кандидаттар екенін көрсетеді.

83-89 5
Аңдатпа

емей қ., Абай көшесі 103; е-mail: dana77792@mail.ru

Зерттеудің мақсаты. Қалқанша безінің жоғары сараланған обыры бар науқастарда радиойодқа төзімділіктің дамуының клиникалық және морфологиялық қауіп факторларын зерттеу.

Материалдар және әдістер. Зерттеу дизайны жағдай-бақылау болып табылады. Зерттеу Абай облыстық ДСБ Ядролық медицина және онкология орталығының радионуклидті терапия бөлімшесінде ем қабылдаған науқастар арасында жүргізілді. Талдау жүргізу үшін 2021 жылғы қаңтардан 2023 жылғы желтоқсанға дейінгі кезеңде қалқанша безінің жоғары сараланған обырымен  емделген 630 науқасты қамтитын деректер базасы қалыптастырылды. Оның ішінде 373 ауру тарихы зерттеуге қосудың белгіленген критерийлеріне сәйкес келді. Статистикалық талдау SPSS 20.0 бағдарламасы арқылы жүргізілді.

Нәтижелер және талқылау. 373 науқасты талдау кезінде 60 науқаста радиойодты терапияға төзімділікпен негізгі топқа, ал қалған 313 науқас бақылау тобын құрады. Операция көлемін бағалау кезінде мойын тінін фасциалды кесу арқылы жалпы тиреоидэктомия негізгі топтағы науқастардың 58,3% орындалды, ол радиойодтық терапияға төзімділікпен сипатталады, ал бақылау тобында бұл араласудың көлемі тек 29,1% (p<0,001) қолданылды. Зерттеу топтарындағы қалқанша безінің қатерлі ісігінің негізгі гистологиялық түрлері папиллярлық (74,5%) және фолликулярлық қатерлі ісік (25,5%) болды. Қатерлі ісіктің көрсетілген гистологиялық түрлерінің фонында микрокарциноманың болуы бақылау тобындағы 8 науқаста анықталды. Алыс метастаздардың болуы бақылау тобымен салыстырғанда негізгі топтағы адамдарда (23,3% қарсы 7,3%) статистикалық айтарлықтай жиірек болды (p<0,001).

Қорытынды. Талдау негізінде лимфа түйіндерінің диссекциясымен жалпы тиреоидэктомия радиойодты терапияға төзімділігі бар науқастарда статистикалық түрде жиі байқалады деген қорытындыға келуге болады. Дегенмен, хирургиялық емдеудің өзі радиойодқа төзімділіктің дамуының себепші факторы болып табылмайды. Кеңейтілген ауқымды хирургиялық ем бастапқыда радиойодқа төзімді ісік формаларының даму қаупімен байланысты аурудың агрессивті ағымын көрсетеді. Гистологиялық зерттеу деректері, микрокарциноманы анықтау және алыс метастаздардың болуы қалқанша безінің жоғары сараланған обыры бар науқастарда радиойодты терапияға төзімділіктің даму қаупімен байланысты клиникалық және морфологиялық факторлар ретінде қарастыруға болады.

90-98 4
Аңдатпа

Өзектілігі. SARS-CoV-2 вирусынан туындаған COVID-19 клиникалық көріністердің кең ауқымымен сипатталады – асимптоматикалық ағымнан бастап көп мүшелік жеткіліксіздігі бар сыни формаларға дейін. Аурудың ауырлығының негізгі болжамды факторларының бірі-қабыну және иммундық жауаптың ауырлығын көрсететін КТ мәліметтері бойынша өкпе тінінің зақымдану дәрежесі. Науқастарда жедел кезеңнен кейін симптомдар сақталады, соның ішінде шаршау, когнитивті бұзылулар және миалгия, олардың патогенезі толық түсінілмеген. Қазіргі деректер Long COVID-19 дамуындағы метаболикалық бұзылулардың маңызды рөлін көрсетеді. Ауыр COVID-19 және КТ деңгейі жоғары емделушілерде триптофан деңгейінің төмендеуі, оның кинуренин жолындағы катаболизмінің белсендірілуі, сондай – ақ қабынуға қарсы белсенділігі бар триметиламин N-оксиді (TMAO) деңгейінің жоғарылауы көрсетілген. Триптофан молекулалары мен триметиламин N-оксидінің Long COVID-19 патогенезіндегі рөлі және олардың жедел COVID-19 кезеңіндегі ауырлық дәрежесімен байланысы туралы көптеген зерттеулерге қарамастан, жеткіліксіз.

Мақсат. Long COVID-19 пациенттеріндегі жедел COVID-19 өкпенің зақымдану дәрежесі мен триптофан мен TMAO деңгейлері арасындағы байланысты зерттеу.

Материалдар және әдістер. 30 адамды қамтитын ретроспективті – когорттық зерттеу жүргізілді. Пациенттердің плазмасындағы триптофан мен ТМАО концентрациясын анықтау масс-селективті масс-спектрометриялық детекциямен (HPLC-MS/MS) жоғары тиімді сұйық хроматография әдісімен жүргізілді.

Нәтижелер және талқылау. Нәтижесінде орташа топтағы триптофан деңгейінің медианасы сәйкесінше 9,62 [8,11; 10,50], ауыр топтағы мкмоль/л 4,68 [2,81; 5,05] мкмоль/л құрады. Орташа дәрежедегі топтағы ТМАО деңгейінің медианасы 0,57 [0,51; 0,81] мкмоль/л, ауыр дәрежедегі топта 1,88 [1,07; 3,08] мкмоль/л құрады.

Қорытындылар. Триптофан деңгейі мен орташа және ауыр топтар арасында статистикалық маңызды айырмашылықтар анықталды. Триптофан концентрациясын салыстыру кезінде маңыздылық деңгейі р<0,000 құрады. Сондай-ақ тмао деңгейі мен пациенттердің ауырлық дәрежесі арасында статистикалық маңызды айырмашылықтар анықталды, маңыздылық деңгейі р=0,001 құрады.

ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫҚ МЕДИЦИНА

99-107 4
Аңдатпа

Зерттеудің мақсаты. Алты валентті хром мен гамма-сәулеленудің оқшауланған және аралас әсерінен аналық егеуқұйрықтардың қан гомеостазының күйін зерттеу.

Материалдар және әдістер. Эксперимент γ-сәулеленуге ұшыраған егеуқұйрықтар тобын, сондай-ақ γ-сәулелену мен хромның аралас әсерін қамтыды. Жедел фазада перифериялық қан көрсеткіштері, тотығу стрессінің маркерлері (MDA, SOD, cat) және цитокин күйі (IL-1-бета, IL-6, IL-10, TNF-α) бағаланды.

Нәтижелер және талқылау. γ-сәулелену антиоксиданттық қорғанысты (СОД, КАТ) едәуір төмендетіп, айқын қабынуды тудырды (IL-1-бета деңгейін жоғарылатты). Бұл өзгерістер статистикалық маңызды болды және топтар арасындағы жоғары корреляция нәтижелердің дұрыстығын растады. Біріктірілген әсер етудегі индукцияланған мутагенез механизмдері бос радикалды тотығудың жоғарылауымен және антиоксиданттық жүйенің сарқылуымен байланысты.

Қорытындылар. Алты валентті хром мен гамма-сәулеленудің біріктірілген әсері оқшауланған қолданумен салыстырғанда гомеостаздың ауыр бұзылыстарын тудырады. Деректер қатерлі ісік қаупін азайту үшін химиопрофилактика әдістерін әзірлеу қажеттілігін көрсетеді, әсіресе канцерогендер аралас әсер ететін жағдайларда.

108-129 5
Аңдатпа

Өзектілігі. Қазіргі заманғы урологиялық тәжірибе жоғары тиімді және биосәйкестігі жоғары көлем қалыптастыратын материалдарды іздеу мен енгізуді талап етеді, олар минималды асқыну қаупі кезінде тұрақты клиникалық нәтижелерді қамтамасыз етуі тиіс. Көлем қалыптастыратын толтырғыштарды қолдану реконструктивті және функционалдық урологияда ерекше маңызға ие, себебі мұнда эстетикалық әрі функционалдық нәтижелер аса маңызды болып табылады. Бүгінгі таңда әртүрлі синтетикалық және биологиялық материалдар қолданылуда, алайда олардың әрқайсысының резорбция, иммуногендік реакция және фиброз қаупіне байланысты белгілі бір шектеулері бар. Осыған байланысты, аутологиялық компоненттерді қамтитын, биосәйкестік деңгейі жоғары жаңа біріктірілген тәсілдерді әзірлеу мен салыстырмалы талдау өзекті зерттеу бағыты болып табылады.

Мақсаты. Урологиялық тәжірибеде қолданылатын әртүрлі синтетикалық және аутологиялық көлем қалыптастыратын толтырғыштардың тиімділігі мен биосәйкестігін морфологиялық және морфометриялық әдістер арқылы салыстырмалы кешенді бағалау.

Әдістері. Зерттеуге әрқайсысына қуықтың шырышасты қабатына 0,3 мл көлеміндегі көлем қалыптастыратын субстрат енгізілген 80 бельгиялық еркек қоян қатыстырылды. Барлық үлгілер бес топқа бөлінді. 14 және 30 күннен кейін гистологиялық, гистохимиялық, гистоморфометриялық және морфометриялық әдістермен қабыну реакциясын, васкуляризацияны, жасушалық инфильтрацияны, фиброз дәрежесін және трансплантаттың сақталуын объективті бағалау жүргізілді.

Нәтижелер. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, аутолипотрансплантат пен тромбоциттерге бай плазма (PRP) комбинациясы басқа топтарға қарағанда айқын тамырлы тордың қалыптасуын, қабынудың төмен деңгейін және трансплантацияланған тіннің біркелкі таралуын көрсетті. Бұл комбинацияның жоғары биосәйкестігін және ұзақ мерзімді көлемдік әсер мен минималды асқыну қаупі қажет болған жағдайларда синтетикалық материалдарға балама ретінде қолдану әлеуетін көрсетеді.

Қорытынды. PRP мен аутологиялық липотрансплантаттың комбинациясы, сондай-ақ Vantris қолдану төменгі несеп жолдары патологияларын түзетуде тұрақты және биосәйкесті көлем қалыптастыратын әсерге қол жеткізудің ең перспективті тәсілдері болып табылады. Алайда, зерттелген материалдардың қысқа мерзімді биосәйкестігі жоғары болғанына қарамастан, олардың ұзақ мерзімді қауіпсіздігі, фиброз даму қаупі және қуықтың функционалдық бұзылыстары мәселелері әлі де ашық күйінде қалып отыр және әрі қарай клиникалық растауды талап етеді.

КЛИНИКАЛЫҚ ФАРМАКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ФАРМАЦИЯ

130-135 3
Аңдатпа

Зерттеу мақсаты. Iris scariosa L. жер үсті және жер асты бөліктеріне анатомиялық-морфологиялық талдау жүргізу және диагностикалық сипаттамаларын анықтау.

Материалдар және әдістер. Зерттеу нысаны Iris scariosa Willd. ex Link өсімдігінің жер үсті және жер асты бөліктері болды, Орталық Қазақстанда (Қарағанды облысы) жиналған, мамыр – шілде 2024 ж. Шикізатты сәйкестендіру «Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ биология-география факультетінің ботаника кафедрасының базасында жүргізілді. Зерттеу барысында өсімдіктің жер үсті және жер асты мүшелерінің көлденең қималары мен беткі препараттары дайындалды.

Нәтижелер және талқылау. Талдау нәтижелері Iris scariosa L. органдарының тән құрылымдық ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік берді, бұл оның биологиясын және медицинада потенциалды қолданылуын түсіну үшін маңызды. Сонымен қатар, зерттеу барысында өсімдік материалдарының түпнұсқалығын анықтау және растау үшін фармакогнозияда қолдануға болатын диагностикалық белгілері анықтады.

Қорытынды. Жапырақтардың, гүлдер мен тамырлардың құрылымы туралы алынған мәліметтер өсімдік биологиясын түсіну және оның Орталық Қазақстан жағдайына бейімделуі үшін айтарлықтай маңызға ие. Осы зерттеудің нәтижелері Iris scariosa L. биологиялық қасиеттерін және оның медицина мен фармацевтикада әлеуетті қолданылуын зерттеу бойынша одан әрі жұмыстарға негіз бола алады.

136-141 5
Аңдатпа

Қазіргі уақытта әртүрлі модификацияланған аэрозольдік дәрілік түрлер, атап айтқанда спрейлер күннен күнге кең таралуда. Сонымен қатар, фармацевтикалық технологияда бүріккіштерді құрудың теориялық негіздері толық зерттелмеген және спрей туралы, аэрозольдердің модификациясы немесе тәуелсіз дәрілік түр туралы нақты жауап жоқ. Спрейлерлерге деген теориялық қызығушылықтың артуы, фармация, медицина және косметология үшін практикалық маңызы бар. Спрей аэрозольді қаптаманың бірқатар артықшылықтарымен қатар, құтыларды жоғары қысымда пайдалану, пропеленттер ретінде газадарды  қолдануынан бөлек, салыстырмалы түрде құны жоғары, күрделілігі, қауіптілігі, соққы кезінде немесе сәйкес емес температурада сақтау кезінде баллонның жарылу мүмкіндігі, жоғары тұтанғыштығы, жарылған жағдайда жердің озон қабатына теріс әсер ету қаупі сияқты кемшіліктерінде ескерген жөн.

Жұмыста Inula helenium L тамыры мен тамырсабағынан ультрадыбыс әсерімен қою экстракт алынып, оның негізінде ауыз қуысына арналған спрейдің тиімді құрамы мен технологиясы бойынша зерттеулер ұсынылған.

Зерттеу нәтижесінде Inula helenium L. тамыры мен тамырсабағынан қою экстракт алу үшін экстрагентті таңдау нәтижелері берілген. Inula helenium L. қою экстракт негізінде бактерияға қарсы әсері бар ауыз қуысына арналған спрей алу технология кезеңдері көрсетілген. Клиникаға дейінгі зерттеулер Inula helenium L. негізіндегі препараттың бактерияға қарсы белсенділігін және оның төмен уыттылығын растады. Сондай-ақ спрей үшін оңтайлы технологиялық параметрлерді қамтамасыз ететін көмекші компоненттердің топтарын таңдау бойынша зерттеу әдістері мен нәтижелері берілген. Алынған спрейдің тәжірибелік үлгілері физика-химиялық және технологиялық қасиеттері анықталды. Алынған нәтижелерге сүйене отырып, одан әрі зерттеу үшін ең ұтымды спрей құрамы таңдалды.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДЫҢ ҰЙЫМЫ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАСЫ

142-147 3
Аңдатпа

Зерттеудің мақсаты. СЖЖ бар пациенттерді амбулаториялық бақылаудың заманауи үлгілерін талдау және UMC корпоративтік қорының Жүрек орталығы мысалында СЖЖ кабинетінде мейіргердің функциялары мен міндеттерін анықтау.

Материалдар және әдістер. Бұл жұмыс 2014 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан СЖЖ кабинетінде пациенттерді жүргізу тәжірибесін талдауға негізделген. Зерттеуде 2022–2024 жылдар аралығындағы науқастардың мониторингінің ретроспективті деректері, оның ішінде сандық көрсеткіштер, декомпенсация жиілігі, емге бейілділік және операциядан кейінгі бақылауға қатысу қамтылған.

Нәтижелер және талқылау. 2022 – 2024 жылдар аралығында 4000-нан астам пациентке кеңес берілді. Оптималды медикаментозды терапияға қол жеткізген пациенттердің саны: 2022 жылы – 765, 2023 жылы – 1153, ал 2024 жылдың 9 айында – 1107 болды. Қашықтықтан бақылау және мейіргерлік өзін-өзі бақылауды енгізу ауруханаға жатқызу жиілігін азайтып, пациенттердің хабардарлығын арттыруға мүмкіндік берді. Мейіргердің негізгі функцияларына мониторинг, оқыту, психологиялық қолдау және пәнаралық өзара әрекеттестікті үйлестіру кіреді.

Қорытынды. СЖЖ бар пациенттерді амбулаториялық жүргізу пәнаралық тәсілді қажет етеді, мұнда мейіргер маңызды рөл атқарады. Бақылаудың тиімділігі цифрлық технологияларды, білім беру бағдарламаларын және дербестендірілген күтім маршруттарын интеграциялау арқылы артады.

148-159 3
Аңдатпа

Кіріспе. Қан айналымы жүйесі ауруларының жоғары таралуын ескере отырып. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйесіндегі пациенттердің қанағаттанушылығын мониторингтеу көрсетілетін қызметтердің сапасын сыртқы және ішкі бағалаудың аса маңызды кезеңі болып табылады.

Мақсат. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйесінде пациенттердің амбулаториялық медициналық көмекке қанағаттануын бағалау үшін сауалнаманы әзірлеу және валидациялау, сондай-ақ қанағаттану деңгейіне әсер ететін негізгі факторларды анықтау.

Материалдар және әдістер. Ұсынылған сауалнама 100-ден астам халықаралық дереккөздерді талдау негізінде әзірленді және 12 қоғамдық денсаулық сақтау және практикалық медицина сарапшыларының сараптамалық бағалауын қоса алғанда, көп сатылы валидациядан өтті. Сенімділікті бағалау қанағаттанудың маңызды факторларын анықтау үшін альфа Кронбах коэффициентінің көмегімен жүзеге асырылды, факторлық талдау жүргізілді.

Нәтижелер және талқылау. Пациенттердің қанағаттануы емдеуді ұстануға және осылайша клиникалық нәтижелерге тікелей әсер етеді. Сауалнама ішкі консистенцияның жоғары деңгейін көрсетті (α=0,89), жүргізілген факторлық талдау ұсынылған сауалнаманың құрылымдық жарамдылығын растады. Сауалнама Қазақстанның денсаулық сақтау саласының өңірлік ерекшеліктерін ескереді және көпсалалы командалардың жұмысын оңтайландыру үшін пайдаланылуы мүмкін.

Қорытынды. Әзірленген сауалнама амбулаториялық күтімнің сапасын жақсартудың және пациенттердің қанағаттанушылығын арттырудың маңызды құралы бола алады.

160-165 4
Аңдатпа

Зерттеу мақсаты. Медициналық ұйымдардағы дәрігер мен пациент арасындағы қақтығыстардың негізгі себептерін анықтап, олардың құқықтық табиғатын зерттеу және шешу жолдарын ұсыну.

Материалдар және әдістер. 2025 жылғы қаңтар-ақпан айларында 148 респонденттің (65 дәрігер, 83 пациент) қатысуымен көлденең зерттеу жүргізілді. Қатысушылар сауалнама толтырды.

Нәтижелер және талқылау. Зерттеу барысында медицина саласындағы қақтығыстарға әкелетін негізгі факторлар анықталды. Дәрігерлердің 53,2%-ы кәсіби күйзеліс деңгейінің жоғары екенін айтты. Олардың пікірінше, басты себептер – пациенттердің дөрекі және әдепсіз мінез-құлқы, емдеу тактикасын түсінбеу және медициналық көмектің сапасына қанағаттанбау.

Пациенттер өз кезегінде ақпараттың жеткіліксіздігін, ұзақ күту уақытын және аурухана жағдайының нашарлығын атап өтті. Қақтығыстардың басты себебі – дәрігер мен пациент арасындағы коммуникацияның жеткіліксіздігі екені анықталды.

Қорытынды. Зерттеу нәтижелері пациенттерді ақпараттандыру сапасын арттыру, дәрігерлердің кәсіби мәртебесін нығайту және денсаулық сақтау саласында тиімді қақтығыстарды реттеу стратегияларын енгізу қажеттігін көрсетеді.

ТӘЖІРИБЕДЕН БАҚЫЛАУ

166-169 4
Аңдатпа

Бұл мақалада перинатальды кардиомиопатия (PPCM) фонында дамыған созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің соңғы сатысы бар науқаста ортотопиялық бикавальды жүректі трансплантациялаудың клиникалық жағдайы ұсынылған. Ауру жүктіліктің екінші триместрінде көрінді және преэклампсияның ауыр түрімен және үдемелі жүрек жеткіліксіздігімен асқынды. Қолжетімді донор органы болмаған кезде науқасқа «трансплантацияға көпір» ретінде HeartMate 3 сол жақ қарыншаға көмекші құрылғы (LVAD) имплантацияланды. LVAD имплантациясынан кейін төрт жыл өткен соң, донор қолжетімді болған кезде ортотопиялық жүрек трансплантаты сәтті орындалды. Бұл жағдай шектеулі донорлық ресурстар контекстіндегі мультидисциплинарлық тәсілдің тиімділігін көрсетеді және PPCM бар науқастарда нәтижелерді жақсарту үшін ерте диагностикалау, жүйелі алдын алу және трансплантация қызметтерін дамыту қажеттілігін көрсетеді.

170-174 6
Аңдатпа

Көз алмасының бөгде заттардың енуімен туындаған өтіп жаралануы – көру мүшесінің аса ауыр жарақаттары қатарына жатады. Көз алмасында ұзақ уақыт орналасқан химиялық активті бөгде заттар салдарынан сидероз және халькоз тәрізді асқынулары туындауы  мүмкін. Бұл асқыныстардың алдын алу үшін ерте хирургиялық араласу шаралары қолданылады. Патологиялық процесстің айқындылық дәрежесіне бөгде заттың өлшемдері, орналасу орны және көз алмасындағы орналасу ұзақтығы әсер етеді.

Мақалада көздің алдыңғы ұңғылында 16 жыл бойы тіндердің қабынуынсыз жатқан магнитті бөгде денені алу туралы клиникалық жағдайы ұсынылған.

Аталған клиникалық жағдайда сағат тілінің 6 бағытында көздің ішіндегі бөгде дене (КІБД) орналасқан жердегі нұрлы қабықтың тамыры жағынан болған сидероздың аз мөлшердегі білінулері орын алған, мұны алдыңғы камераның бұрышында локализация нәтижесінде болған ағынның жауапсыздығымен түсіндіруге болады, көзішіндегі құрылымдарға токсинді заттардың әрі қарай енуіне кедергі жасайтын бөгде дене қапшықтанады және зат алмасу процестері белсендірек жүреді.

Бірақ магнитті КІБД-нің орын алуы көру органы үшін физиологиялық болып табылмайды және бөгде денені жарақат алғаннан кейінгі өткен уақытына қарамай ота жүргізу дұрыс шешім болып табылады.

Көздегі магнитті бөгде дененің болуы жарақаттың ескіру мерзімі мен үрдістің ареактивті ағысына қарамастан оны алып тастауға көрсеткіш болып табылады.

175-181 1
Аңдатпа

Қазіргі уақытта медицинада науқастың жалпы жағдайын бағалауға мүмкіндік беретін және көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға мүмкіндік беретін пәнаралық интеграцияланған тәсіл кеңінен қолданылады. Ортодонтиялық науқастар әдетте педиатр, ЛОР және логопедпен кеңесу керек. Бұл тәсіл қысқа мерзімде оң нәтижелерге қол жеткізуге көмектесетін бірыңғай диагностикалық және емдеу алгоритмін жасайды.

Мақсаты – аденотомиядан кейінгі науқаста дистальды окклюзияны емдеуге пәнаралық кешенді тәсілді қолдану.

Біз аденоидтардың гипертрофиясына операциядан кейінгі науқаста дистальды окклюзияны емдеуде пәнаралық кешенді тәсілді қолдану тәжірибесін сипаттаймыз. Науқас осы емханада тіс ауруларының диагностикасы мен емделуінен өтті, сонымен қатар ол басқа емдеу мекемелерінде балалар және отоларингологиялық медициналық көмек көрсету бойынша бақылауда болды, логопедтің сабақтарына қатысты.

Жүргізілген диагностика миофункционалдық бұзылулардың болуын көрсетті – ауызбен тыныс алу, жұтынудың нәрестелік түрі және тіс доғалары арасында тілдің шығуы. Біз науқасқа ортодонтиялық аппараттық ем тағайындадық, ортодонтиялық диагнозды ескере отырып, науқас педиатрдың, ЛОР дәрігерінің, логопедтің кеңесіне жіберілді. Аппараттық ортодонтиялық емдеуді қолдана отырып, біз тіс доғаларының бүйір бөліктеріндегі тістердің физиологиялық жабылуына қол жеткіздік және науқастың миофункционалдық бұзылыстарын жоққа шығардық. Науқасты бақылаған ЛОР дәрігері аденоид гипертрофиясының қайталануы жоқ деген қорытындыға келмеді. Педиатр науқасты қатар жүретін ауруларға бақылап, ұсыныстар берді. Логопед және дефектолог миогимнастикалық жаттығуларды қолданды, бұл миофункционалдық бұзылуларды жоюға көмектесті.

Бүгінгі күні әртүрлі профильдегі дәрігерлер (стоматолог-ортодонт, отоларинголог) және логопедтер, миофункционалды терапевтер арасында тексеру және одан әрі өзара әрекеттесу үшін кешенді, құрылымдық жоспарлардың болмауы жиі кездеседі. Мұндай жағдайларда уақыт пен ресурстар максималды тиімділікпен пайдаланылмайды және миофункционалдық бұзылыстарды диагностикалау қаупі артады, бұл жалпы нәтижеге және өмір сүру сапасына әсер етеді. Толық емес диагностиканың және пациенттерді басқарудағы жеткіліксіз үйлестірудің жағымсыз салдарын жою үшін ЛОР патологиясы бар науқастарды, оның ішінде аденоид гипертрофиясына операциядан кейін емдеуге пәнаралық кешенді көзқарас бойынша арнайы әдістемелік ұсыныстарды әзірлеу қажет.



ISSN 2305-6045 (Print)
ISSN 2305-6053 (Online)