№ 3 (2018)
ӘДЕБИЕТ ШОЛУЫ 
5-10 230
Аннотация
Ұсынылған әдеби шолуда жатыр мойны қатерлі ісігі терапиясының қазіргі заманғы терапиясының бағыттары сипатталған. Жергілікті таралған қатерлі ісік кезінде сәулелік және химия терапиясынан тұратын құрамдасқан ұстаным қолданылады. Әдебиет деректері жатыр мойнының жергілікті таралған қатерлі ісік дертіне шалдыққан науқастарға сәулелік және химия терапиясын бірлесе тағайындаудың мақсатқа сәйкестігін ай» ғақтайды.
17-25 187
Аннотация
Ұсынылған әдеби шолуда гестозбен жүкті әйелдердегі ферротерапияның оң тұстары ғана қарастырылмаған, сонымен бірге гестоз дамуының бір факторы ретінде темір препараттарының теріс әсерінің зерттелмеген мәселелері көтерілген, сол арқылы ағзада темір мөлшері тым көп болуы мен гестоз жағдайы дамуының патогенетикалық байланысы ашып көрсетілген. Зерттеулердің көпшілігі жүкті әйелдердегі темір препараттарының оң тиімділігіне арналған, алайда ағзада темір мөлшері тым көп болуына байланысты бірқатар патологиялық жағдайлар бар: зәр шығару жүйесі инфекциясының дамуы (әсіресе, созылмалы пиелонефритпен жүкті әйелдерде), гипероксигенация жағдайында бос радикалдардың артық құралуы және соның нәтижесінде қышқылдану күйзелісінің туындауы. Материал шолуы барысында жүкті әйел ағзасын бірінші кезекте преэклампсия дамуынан, сол сияқты инфекциялық-қабыну үдерістерінен қорғаудың компенсаторлық-бейімделген механизмі ретінде физиологиялық анемия болуы қажеттігінің деректері анықталған. Жүкті әйелдердің анемиясы басқа патологиялық жағдайлармен бірге дереу тиісті емдеуді талап ететін өмірге қауіпті ауру болып табылады. Осындай пікір ТМД елдері мен алыс шетелдерде таралған. Көптеген авторлар темір тапшылығы жағдайы мен мерзімнен бұрын босану, ұрықтың жатыр ішінде дамуының тежелуі, сәбидің өлі тууы, гестоз және басқа аурулардың арасында тікелей байланыс бар деп санайды.
ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ГИГИЕНА 
26-31 210
Аннотация
Қарағанды қаласының өмір сүру жағдайын атмосфералық ауада ұсақ дисперсті шаң, азот тотығы, күкірт және көміртегі жоғары эмиссиямен негізделген қатты және газ тәрізді заттарды мониторингісіз бағалау мүмкін емес. Қарағанды қаласының 2012, 2014-2017 жж. атмосфералық ауасының ластануын эколого- гигиеналық бағалау ҚР қоршаған ортаның жағдайы туралы жылдық Ақпараттық Бюллетень мәліметтері бойынша, «Қарағанды облысының атмосфералық ауасының жағдайы туралы» бюллетеньдер арқылы жүргізілді. Қарағанды қаласының атмосфералық ауаның ластануының жалпы бағасы жоғары болды, әсіресе 2015 және 2016 жылдары және «қауіпті» деңгейіне сәйкес келеді. Атмосфералық ауаның ластануының және жауыншашынның талдауларының нәтижесінде Қарағанды қаласының ЖЭС, кен өндірісі (шахта, байыту фабрикалары, АҚ «Арселор Миттал» металлургия өндірісі) атмосфераға жеткілікті көлемде ластаушы заттарды, қатты бөлшектерді және ауыр металлдар шығаратыны анықталды. Қала атмосферасында кездесетін ингредиенттердің барлық саны рұқсат етілген нормадан 10 есе көп, олардың көбісі қауіптіліктің бірінші және екінші классына жатады. Негізгі ластаушы заттар болып күкірт диоксиді, көміртегі тотығы және азот диоксиді табылады.
32-38 205
Аннотация
Бүгінгі таңда энергетикалық кәсіпорын жұмыскерлерінің еңбек жағдайларының ерекшеліктерін денсаулыққа кәсіби қауіптіліксіз бағалау мүмкін емес. Ретроспективті деректер бойынша АТҚ 500 кВжәне 220кВ ЭМӨ деңгейлері, шу деңгейінің жоғарылауы, ауыр және қиындатылған еңбек ең маңызды кәсіби қауіптілік болып табылады.
39-41 186
Аннотация
Қоршаған ортаның қолайсыз әсерінің жағдайында тұратын тұрғындардың вегатативті гомеостаздың күйін зерттеу біздің мақсатымыз болды. Қоршаған ортаның қолайсыз әсерінің жағдайында тұратын тұрғындарға жүрек жиілігінің түрленгіштігінің кешенді бағасы жүргізілді. Зеттеу нәтижесінде вегетативті реттеу жүйесіне айқын куштің түсуі, стресс - индексінің және жоғары жиіліктегі тыныс алу толқындарының жоғарлауы, баяу толқындардың төмендеуі анықталды. Астениялық синдромның құрылымдық өзерістері, күйзеліс деңгейі мен тежелу бұзылыстары байқалды.
42-44 190
Аннотация
Бұл жұмыстың мақсаты Арал өңірі тұрғындарының денсаулығына әлеуметтік-гигиеналық факторлары әсерін зерттеу болып табылады. Зерттелетін аймақ ретінде экологиялық апат аймағы Қызылорда облысы, Арал қаласы алынды. Жүргізілген зерттеулер нәтижелері тұрғындардың психикалық денсаулығына экологиялық қолайсыз ортасы тікелей әсер еткендігі туралы көрініс берді. Арал өңіріндегі тұрғындардың біршама үлесі қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайларға адекватты бейімделе алмайтындығы қорытындалды, бірақ халықтың көпшілігі алдағы болашақ өмірдің барлық аспектілеріне оптимисттік көзқараста екені анықталды. Тіршілік ету ортасына қарай мазасыздық, үрейлік сезімдерін анықтау мақсатында қолданылған Спилберг-Ханин сауалнама нәтижелері жоғары дәрежедегі тұлғалық үрейлік (ТҮ) көрсеткіші 40балл, орташа дәрежедегі үрейлік 46 балл жағдайлар анықталды. Төменгі дәрежедегі реактивті үрейлік (РҮ) көрсеткіштері 37 балл жағдайлары анықталған
45-49 218
Аннотация
Мақалада Қарағанды облысының ауыл тұрғындары арасында жүрек-тамыр аурулары қатерінің негізгі мінез-қылық факторларының таралуына 3 жылдық мониторингтің деректері келтірілген. Жүрек-тамыр аурулары қатерінің факторлары мен олардың дамуын мониторингтаудың негізгі құралы мемлекеттік және өңірлік профилактикалау бағдарламаларының аясында жүйелі негізде ұйымдастырылатын эпидемиологиялық зерттеулер болып табылады. Жүрек-тамыр аурулары дамуына әкелетін қатер факторларының мониторингі бастапқы медико-әлеуметтік көмек деңгейінде профилактика бағдарламаларының мақсаттары мен міндеттерін дұрыс бағалауға, индикаторлары мен олардың тиімділігін әзірлеуге, сол сияқты профилактикалық іс-шаралардың нәтижелерін бағалауға мүмкіндік береді. Жүрек-тамыр аурулары қатерінің факторларын мониторингтаудың өңірлік жүйелерінің нәтижелері бастапқы медико-әлеуметтік көмек деңгейінде бірегей республикалық деректер базасына біріктірілуі керек. Бұл жүрек-тамыр аурулары профилактикасы бағдарламаларының тиімділігі мен Қазақстан Республикасындағы олардың қатер факторларын бағалау мен ұзақ мерзімді болжауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
50-56 184
Аннотация
Ұсынылған жұмыстың мақсаты Павлодар облысының Майский кентіндегі радиациялық аймақ тұрғыіндарыіндағыі метаболикалық синдром кезіндегі өмір сапсын бағалау болып табылады. Мақала авторлары абдоминальды семірумен пациенттердегі дене көлемінің индексі ұлыаюы кезінде метаболикалық синдром компоненттерінің үлкен саны мен дене белсенділігі, эмоциональдық жағдай көрсеткіштері, жалпы және психологиялық денсаулық жаыдайы әлсіреуінің қосарлануы байқалады деген қорытындыыа келген.
КЛИНИКАЛЫҚ МЕДИЦИНА 
57-59 215
Аннотация
Мақсаты. Жедел ішек инфекциясы бар ерте жастағы балаларда NGAL деңгейінің бүйрек зақыдалуын болжаудағы мүмкіндігін анықтау. Материалдар және әдістер. Жедел ішек инфекциясы бар 94 бала зерттелінді. Науқастардың жасы 3 жасқа дейін. Бүйрек қызметін зерттеу үшін жалпы клиникалық зерттеулермен қатар зәрдегі NGAL мөлшері анықталды. Зерттеу нәтижесі. Анықталған жайт, балалардағы ЖІИ кезіндегі эксикоз дәрежелері неғұрлым жоғары болғанда, NGAl зәрдегі деңгейі де соғұрлым жоғары болды. Қорытынды. NGAL концентрациясын анықтау балалардағы бүйрек қызметінің ерте бұзылысын анықтауға мүмкіндік беруі ықтимал.
60-64 224
Аннотация
Онкологияның фондық патологиясы мен диагностикалық маңызы байланысының патогенезі үлкен қызығушылық тудырады. ВИЧ-жұқпалы науқастардағы молекулярлық онкомаркерлердің есірткілік заттардың парентералдық формалары фонымен және ауыр фонсыз деңгейін зерделеу болып табылады. Зерделеу үшін 30 есірткінің инъекциялық формаларын тұтынушылардың есірткіге тәуелсіздік фонындағы 30 ВИЧ+ пациенттің сарысуы пайдаланылды. Бақылау тобын ВИЧ-инфекцияға скрининг кезінде теріс көрсеткіштегі 23 сау адам, салыстыру тобын - есірткіге тәуелді 23 пациент құрады. Биоплекс 3Д-ге xMap әдісімен CancerBiomarcerspanel жиынтығын қолданумен были келесі маркерлер зерттелді: sHER-2, sEGFR, sIL-6Ra, FGF, sVEGFR-1, sVEGFR-2, PECAM-1, PDGF AB/BB, G-SCF, sTIE-2, SCF, остеопонтин. Барлық ВИЧ-жұқпалы пациенттерде sHER-2, sEGRf, sIL-6RA, sVEGfr-2, PECAM-1, sTIE-2 деңгейлерінің ұлғаюы анықталды. SCF және FGF маркерлері тек ВИЧ+есірткінің инъекциялық формаларын тұтынушыларда жоғары болған. Есірткінің инъекциялық формаларын тұтынушыларда sIL-6RA, PECAM1 маркерлерінің, остеопонтиннің және HER-2 деңгейінің жоғарылауы белгіленген. Осылайша, канцерогенез биомаркерлерін зерделеу инфекция мен интоксикацияға бір табан жақын пациенттерде өзінің ерекшеліктері болатынын көрсетті.
65-68 224
Аннотация
Мақалада ҚММУ Медициналық орталығы жағдайында 2017 жылдан осы уақытқа дейін лапароскопиялық холецистэктомия кезінде анестезиологиялық оқытуды жүргізу тәжірибесі сипатталған. Осы операция кезінде анестезиолог қолданатын анестезия компоненттерін оңтайлы таңдау жолы сипаталған, ол пациенттердің операция алдындағы кезеңде жағдаИы тұрақты болуын және денсаулық жағдаИының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Мақала авторы құрамдасқан көп компонентті анестезия индукция үшін наркозға пропофол мен фентанил қолданумен; анестезияның негізгі компоненттері ретінде изофлюран, фентанил және эсмерон; алдын алу анальгезия үшін кеторолак лапароскопиялық холецистэктомия кезінде амбулаториялық тәжірибеде табыспен қолданыла алады және пациенттердің наркоздан кейінгі кезеңде тез бейімделуі мен оңалуын қамтамасыз етеді деген қорытынды жасаған. Амбулаторлық жағдайда лапароскопиялық холецистэктомия жүргізу пациенттерді операция жүргізу үшін мұқият іріктеуді, операциядан кейін міндетті түрде болатын жүрек айнуы мен құсу және ауырсыну синдромын емдеу мен профилактикасын талап етеді.
69-71 192
Аннотация
Қант диабетімен ассоциациямен жүректің ишемиялық ауруы пациенттеріндегі тромбоцитарлық және коагуляциялық гемостаз жүйесін зерделеу жұмыстың мақсаты болып табылған. Жүректің ишемиялық ауруы ассоциациясымен 2 типті қант диабеті кезінде тромб пайда болуының жоғары деңгейі мен аурудың асқынуы дамуының қатері анықталған. Тамыр-тромбоцитарлық және коагуляциялық гемостаз өзгерістерінің көмір қышқылы алмасуымен декомпенсациясы деңгейімен өзара байланысы анықталған.
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДЫҢ ҰЙЫМЫ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАСЫ 
72-75 173
Аннотация
Жұмыс істеуші тұрғындар денсаулығының маңызды факторы жұмыстың шарты мен сипаты болып табылатыны белгілі. Халықаралық еңбек ұйымының деректері бойынша өндірістік апаттар мен кәсіптік аурулардың нәтижесінде әлемде әрбір 15 секунд сайын бір адам қайтыс болады немесе бір күнде 5 000 адам қаза табады. Жыл сайын өндірісте 200 млн. бақытсыз жағдайлар тіркеледі, олардың ішінен 350 мыңы қайтыс болумен аяқталады. Сондықтан, лайықты жұмыс шарты құқығы бүгінде адамдардың басты құқығы ретінде қарастырылады. Осылайша, ұсынылған зерттеудің маңыздылығы жұмыс істейтін тұрғындардың төмен денсаулық көрсеткіштерімен айқындалады. Соның ішінде күтілетін өмір сүру ұзақтығы мен еңбекке қабілетті жаста қаза табу, кәсіптік аурулар мен өндірістік жарақаттар көрсеткіштерін жұмыс істейтін тұрғындардың денсаулығы үшін қауіпті қатер өлшемі ретінде пайдаланудың мүмкін еместігі және денсаулық сақтаудың жалпы жүйесінде жұмыс істейтін тұрғындардың денсаулығын жақсарту үшін пайдалануға болатын нақты ресурстар мен механизмдердің толық жиынтығы болмауы сияқты мәселелер атап көрсетілген.
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ 
Г. С. Жұмабекова,
Н. К. Дюсембаева,
Г. Н. Ажиметова,
Б. С. Оразбаева,
Л. А. Каммерер,
М. А. Ким,
А. .. Қасиханқызы
76-79 196
Аннотация
Берілген мақалада оқытудың заманауи әдістерін қолдану жарық көрген, мысалға ҚММУ-ң оқытушыларының жетекшілігімен жүргізілетін жоғарғы курс студенттеріне арналған ғылыми-бағдарлы оқыту (RBL) технологиясын қолдана отырып студенттердің өзбетімен сабақ жүргізуі көзсетілген. Авторлар атап өткендей медицина университетінің жоғарғы курс студенттерін оқыту барысында белсенді оқыту әдісін қолдану, ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасау дағдыларын арттырып, дәлелдеу базасын қолдана отырып ғылыми зерттеуге қызығушылығын оятып, сыни ойлау қабілетін дамытуына ықпал етеді,
80-90 296
Аннотация
Мақалада физиология кафедрасында оқу үдерісіне ғылымға бағытталған оқыту элементтерін енгізу тәжірибесі сипатталған. RBL әдісімен 2016/2017 және 2017/2018 оқу жылдарында «Жалпы медицина» мамандығының 2 курс студенттері 100% қамтылған. Ғылымға бағытталған оқыту студенттерге дербес жұмыс жүргізу машықтарына үйретеді, оқу үлгерімін жақсартуға ықпал етіп, студенттерді зерттеу жұмысына жұмылдырады.
ISSN 2305-6045 (Print)
ISSN 2305-6053 (Online)
ISSN 2305-6053 (Online)