Preview

Медицина және экология

Кеңейтілген іздеу
№ 4 (2018)

ӘДЕБИЕТ ШОЛУЫ 

8-17 192
Аннотация
Мақалада қан айналу жүйесі ауруларының араласуымен алаңдаушылық және депрессиялық бұзылыстар жөнінде әдеби шолу көздері әрі науқастың өмір сүру сапасының өзгеруіне әсер етуі жөнінде деректер келтірілген. Әдеби деректерге сүйенсек көптеген зерттеулерде мазасыздану мен депрессияны бағалаудың басты құралы GAD-7 мен HADS және Бека, Спилбергер сауалнамасы, PhQ9, Patient Health Questionnaire болып табылады. Жоғары кардиоваскулярлық қауіпімен науқастардың денсаулығымен байланысты өмір сүру сапасын бағалауда SF-36 спецификалық емес сауалнамасы кеңінен қолданылады. Кардиоваскулярлық патологиясы бар науқастардың өмір сүру сапасын көтерудің медикалық-әлеуметтік маңыздылығы коморбидті жағдайды талдау амалдарын зерттеу қажеттілігінің талабы мен тиімді алдын алу шараларын әзірлеуімен реттеледі.
18-26 234
Аннотация
Ұсынылған мақала Candida тектес саңырауқұлақтардың антимикотикалық резистенттілігінің негізгі аспектілеріне қатысты заманауи әдеби деректерге шолу жүргізуге арналған. Мақалада ауыз қуысының шырышты қабығының созылмалы кандидозының этиологиялық құрылымы және Candida тектес саңырауқұлақтардың биоүлбіртүзуші белсенділігі туралы мәселелер қарастырылды. Candida тектес саңырауқұлақтардың саңырауқұлақтарға қарсы препараттарға төзімділігі заманауи медицинаның өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.
27-32 236
Аннотация
Ақала авторлары портфолионы медициналық білім беруде пайдалану бойынша деректерге әдеби шолу жасаған. Портфолио медициналық білім беру саласында студенттердің қабілетін бағалаудың құралы мен оларды білім алу процесінде түпкілікті нәтижеге қол жеткізуге ынталандыру әдісі ретінде қолданылады. Ұсынылған мақалада электронды портфолио қолданудың артықшылықтары мен кемшіліктері сипатталған, студенттердің білімі мен машықтарын бағалау үшін ынталандыру ретінде портфолио қолданудың әдістемесі мен стратегикалық қырлары көрсетілген. Портфолио әлеуеті үлкен, алайда оны толық көлемде іске асыру тәжірибеде жаңа педагогикалық және білім беру ұстанымдарын, сол сияқты оқытушылар мен студенттерден елеулі күш пен уақытты талап етеді.
33-39 220
Аннотация
Баланың денесінің биологиялық жасын және морфофункционалды жағдайын бағалау үшін белгілі бір жас кезеңдерінде белгілі бір топтардың тіс жарып шығуының уақытын білу баға жетпес көмек беру мүмкін. Балаларда популяция деңгейде биологиялық кемелденуі көрсеткіштерін жүйелі түрде зерттеу маңызы зор, ол аймақтың ұлттың алуан түрлілігіне және климатогеографиялық, әлеуметтік-экономикалық әсерімен және қоршаған орта факторларымен негізделген. Дегенмен, тістің жедел ауыстыруы үрдісі бар, артта жарып шығу мәселе маңызды қалады, бұл баланың даму және қоғамдық денсаулығын бағалау кезінде маңызды болып табылады
40-49 189
Аннотация
Ұсынылған мақала, ауыз қуысы шырышты қабығының созылмалы ауруларына шалдыққан науқастарда микробиценоздың бұзылыстары кезінде жүретін негізгі үрдістерге қатысты заманауи әдебиеттер анықтамаларына шолу жасауға арналған. Ауыз қуысы шырышты қабығының зерттелетін жағдайлары, ассоциативті түрдегі дисбактериоздың жергілікті микрофлорасының тұрақты бұзылыстарына жалғасады. Бұл патологияда, ауыз қуысындағы басым микроорганизмдер ретінде ішек таяқшасы мен Candida текті саңырауқұлақтар монодақылда және стафилакокктар жиынтығында өсіріледі. Аталмыш патология кезінде, емдеу үрдісінде бақылаудың динамикасы мен микроэкологиялық мониторингті қолдана отырып, ауыз шырышты қабығының дисбиотикалық бұзылыстарының пайда болуы мен оны коррекциялау жолдарының сұрақтары стоматолог мамандарының көмегімен қамтылған.

ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ГИГИЕНА 

50-56 176
Аннотация
Орал қаласының жалпыға білім беру мекемелеріне қатысатын дені сау 2031 жасөспірім қыздардың жыныстық жетілу ерекшеліктері бойынша мәліметтер берілген. Жыныстық жетілу екінші жыныстық белгілердің жиынтығымен, яғни, қасаға және қолтық асты түктерінің, сүт бездерінің өсуі және етеккірдің (менархе) келуімен бағаланды. Менархе жасы status quo нәтижесі бойынша анықалды. Жыныстық жетілу деңгейі жекелеген белгілердің даму кезеңін және менархе басталу уақытын көрсететін арнайы формауламен белгіленді. Қыз балалардың алғашқы жыныстық дамуы сүт бездерінің өсуімен жүретіндігі анықалды, содан кейін қолтық астында түктер пайда болатындығы, соңынан қасағада түктердің өсетіндігі, кейін менархе басталатындығы толық белгілі болды. Зерттелген топ арасында этникалық ерекшеліктер анықталған жоқ.
57-62 199
Аннотация
Арал қөңірінің ғасырлар бойы ластанған қоршаған ортасы қазіргі таңда тұрғындар арасында гепатобилиарлы патологияның жоғары жиідікте таралғанын көрсетті. Арал өңірінің ересек тұрғыіндарыін аймақтар (1 және 2 аймақтар) бойынша бір реттік зерттегенде гепатобилиарлы жүйе патологиясы бақылау аймағымен салыстырғанда 2,09 және 1,56 есеге артық. 3 аймақ бойынша статистикалық анализ жүргізгенде аймақтар арасында айтарлықтай айырмашылық болған (p=0,005; х2=415,5). Гепатобилиарлы жүйе ауруларының құрылымы бойынша 1 және 2 аймақтарда созылмалы гепатит, сладж синдром жиі кездесті. Созылмалы гепатит 40-49 жас аралығындағы тұрғындарда жиі кездескен. Сладж синдром 18-29 жастағы жастар арасында жиі тіркелген. Созылмалы гепатиттің экологиясы қолайсыз тұрғындар арасында таралу себебі ерте жаста дамитын билиарлы іркілуден болуы мүмкін.
63-68 238
Аннотация
Ана мен бала өлімін азайту бойынша шұғыл шаралар қабылдау жөніндегі республикалық штабтың материалдары бойынша 2018 жылдың 7 айында 2017 жылмен салыстырғанда Қостанай облысында сәбилер өлімінің өсуінің перинаталдық себептеріне талдау жүргізілген. Қазақстан Республикасында 2018 жылы сәбилер өлімі деңгейінің төмендегені байқалған. Алайда, бұл көрсеткіш бұрынғыша Европа, Азияның дамыған елдерінің және Американың деңгейінен 2-3 есе жоғары. Мақала авторлары сәбилер өлімі көрсеткішін одан әрі азайту және әр нәрестенің өмірін сақтау үшін көрсеткіштерге кешенді талдау жасау қажет деген қорытынды жасаған. Перинаталды және туа біткен ауруларды коррекциялауға; фетоинфантилді кезең мен бір жасқа дейінгі өмірі барысында денсаулық сақтау саласының барлық мекемелерінің сапалы жұмысы мен өзара байланысына, медициналық көмектің, әсіресе бастапқы медико -санитарлық көмектің сапасын арттыру мен одан әрі нығайтуға, БДҰ мен ЮНИСЕФ пәрменді бағдарламаларының практика жүзінде орындалуын бақылауға, атап айтқанда, патронаждық қызметті, дәрігерлер мен медбикелердің кәсіби деңгейін арттыру мен жаңа перинаталдық технологияларды рационалдық қолдануды білуіне бағытталған емдеу және оңалту іс-шараларын жүргізу үшін қазіргі заманғы медициналық технологияны пайдаланудың жаңа стратегиялық механизмдерін әзірлеу талап етіледі.
69-72 228
Аннотация
Зерттеудің мақсаты: Қарағанды қ. балалардағы DAI индексі деректеріне сәйкес ортодонтиялық емдеу қажеттілігін талдау. Материалдар мен әдістер: осы мақсатты шешу үшін Қарағанды қаласының мектептерінде 12 жастағы 400 баланы стоматологиялық тексеру жүргізілді. Ортодонтиялық емдеу қажеттілігін анықтау үшін ДДҰ ұсынған тіс эстетикалық индексі (DAI) есептелді. Деректерді статистикалық өңдеу Windows ОЖ үшін SPSS ver.20 бағдарламасымен жүзеге асырылды. Нәтижелер мен талқылау: тексерілген балалар арасында 67% балаларда тіс-жақ аномалиялары байқалды. Нозологиялық нысандардың құрылымында, балалардың 39% -ында жеке тістің орналасу аномалиясы және 28%-да окклюзияның аномалиясы басым болды. Стоматологиялық эстетикалық индексінің көрсеткіштері көрсеткендей, 76% балаларда ортодонтиялық емдеуді қажет етпейтін окклюзия бұзылулары шағын немесе жоқ болған. Селективті емдеуге мұқтаж балалардың 12% -ында айқын тістем бұзылыстары анықталды. Индекс мәндеріне сәйкес әрбір і2 сынып оқушысында (8%) тісемнің ауыр бұзылыстары байқалған; бұл жағдайда емдеу өте қажет. Өте ауыр бұзылыстар әлдеқайда жиі болды - 4%; бұл оқушыларға кешенді түрде емделу міндетті. Қорытынды: осылайша, жүргізілген зерттеу Қарағанды қаласының балаларындағы тіс жақ аномалияларының құрылымын нақтылауға және ортодонтиялық емдеудің қажеттілігін зерделеуге мүмкіндік берді.
73-77 212
Аннотация
Мақалада Батыс Қазақстан облысының 6068 дені сау балалар мен жасөспірімдерді зерттеу жұмысының нәтижесі берілген. Балалар қабылданған антропологиялық принципқа сай жылдық интервал және этникалық белгілері бойынша топтарға бөлінді. Балалардың дене бойының ұзындығы жалпылама қабылданған әдіс бойынша тәуліктің бірінші жартысында бойөлшегіштің көмегімен (өлшеу дәлдігі 0,5 см.) жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде 7 жастағы қазақ балаларының бой көрсеткішінің жылдық жоғарылауы максималды 9 см дейін өскендігі анықталды. Ал, 11 жастағы орыс балаларының мұндай жылдық максималды бой қоспасы 12,5-ке тең болды. 11 жастағы қазақ қыз балалардың максималды өсуі пубертатты даму кезеңіне қарай 7 см қоспасымен бағаланды. Ал, 6 жастағы орыс қыз балаларының бойының ұзындығына максималды қосуы 10 см көрсеткішпен тіркелді. Зерттеу нәтижелері 17 жастағы ер балалардың бойы ұзындығы қыз балалардан жоғары болатындығын көрсетті. Батыс Қазақстанның мектеп оқушыларының арасында бой ұзындықтары бойынша төмендегідей ұлттық ерекшеліктер анықталды: 15 жасқа дейін орыс балаларының бойының ұзындығы қазақ балаларына қарағанда жоғары болды, 12 жасқа дейін орыс қыз балалардың бойы қазақ қыздарының бойына қарағанда жоғары, ал 13 жастан асқан кезде қазақ қыздарының бой ұзындығы орыс қыздарына қарағанда жоғары екендігі.

КЛИНИКАЛЫҚ МЕДИЦИНА 

78-82 177
Аннотация
Ұсынылған мақалада Қарағанды облыстық онкологиялық диспансерінде 10 жыл ішінде бауыр ісігінің бастапқы (18 жағдай), метастатикалық (21 жағдай) және қатерсіз ісіктерін (42 жағдай) хирургиялық емдеудің нәтижелері келтірілген. Бастапқы және метастатикалық ісіктер бойынша операция жасалған науқастардың арасында, операциядан кейінгі асқынулар тиісінше 16,7 және 23,8% деңгейінде анықталды. Бауырдың қатерлі ісігі бойынша операциялар өздерінің жасалу күрделілігімен ерекшеленеді және науқастарды операция алдында мұқият дайындауды талап етеді.
83-86 222
Аннотация
Мақалада Қарағанды қаласының №1 ауруханасының хирургиялық бөлімшесіне 2017 жылдың қаңтарынан 2018 жылдың қыркүйегіне дейін зәр жолы тасы ауруы диагнозымен түскен науқастардың 431 стационарлық картасына жасалған талдаудың нәтижелері ұсынылған. Пациенттерге контактылы лазерлік литотрипсия жүргізілген. Мәліметтер жинау кезінде зәр жолы тасы ауруы диагнозымен операция жасалған пациенттер келесі топтарға бөлінді: жыныс белгісі бойынша, жасы бойынша, зәр жынысы жүйесін оқшаулау мен зәрағанды оқшаулау бойынша. Зерттеуді талдау нәтижесінде зәрағардағы тас жолы ауруын емдеуде контактілік лазерлі литотрипсияны қолдану жоғары тиімді және аз инвазивті емдеу әдісі болып табылатыны дәлелденген.
87-90 181
Аннотация
Мақалада Қарағанды онкологиялық диспансерінің торакалды бөлімшесінде стационарлық емдеудегі өңештің ортша кеуде бөлігі мен төменгі кеуде бөлігі ісігімен ациенттерді хирургиялық емдеудің нәтижелері келтірілген. 2007 - 20і6 жж. кезеңде 214 науқастың өңешінің кеуде бөлігі ісігін хирургиялық емдеудің нәтижелері зерттелген. Алынған мәліметтерге талдау жасалған. Мақала авторлары өңештің кеуде бөлігі резекциясы кезінде операциядан кейін қайтыс болудың басты себебі өңеш тармағы жеткіліксіздігі - 20,00±6 болып табылады деген қорытынды жасаған, ол барлық асқынулардың арасында 76% құрайды. «Бүтін» асқазанмен өңешке субтоталды резекция кезінде өңеш пластикасы оңтайлы нұсқа болып табылады. Онда өңеш тармағы жеткіліксіздігі байқалмайды, ал операциядан кейін қайтыс болу дәйекті түрде 4,87±3,36% деңгейінен аспайды.
91-94 201
Аннотация
Жіті панкреатит құрсақ қуысы ағзаларының шұғыл хирургиялық патологиялар арасында алғашқы орындардың бірін иемденеді. Соңғы жылдары панкреатитпен аурушаңдық жиілігі жоғарылауда. Жіті панкреатиттің ауыр ағымы науқастардың 20 кездеседі. Заманауи фармакологиялық емдеу әдістерінің дамуына қарамастан, бақылаудағы 15-20 науқастарда жіті панкреатиттің дамуы деструктивті сипатқа ие. Жіті панкреатиті бар науқастардың 20 панкреонекроз дамиды; панкреонекроз 40 және жоғары дәрежеде өлім-жітімге әкеледі. Өлім-жетім мәліметтері жайлы әртүрлілік қарастырылып жатқан патологиясы бар науқастарды емдеудегі тәсілдердің түрлілігімен қатар, жіті панкреатит ауырлығын бағалау критерийлері мен түрлі әдістерді анықтайды. Жіті панкреатитпен ауыратын науқастардың емдеудің дұрыс нәтижесіз болуы, оның асқыныстарына алып келеді, сондықтан емдеудің жаңа мүмкіндіктерін пайдалану жағдайдың жақсаруына алып келеді. Осы мақсатта соңғы жылдары әртүрлі кішіинвазивті әдістерді қолдану мүмкіндігі емдеуде кеңінен таралады.

ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫҚ МЕДИЦИНА 

95-104 216
Аннотация
Эксперименте эмоционалдық сгресс пен иондаушы гамма - сәулеленудің фракциялық дозасының біріккен әсері кезіндегі Эминиум Регель сығындысының иммуногенездің перифериялық ағзаларындағы майлардың асқын гогығына және ангиоксиданггық жүйеге әсер егуі зерггелді. Алынған нәгижелер жалпы бейімделу синдромның ерге және кеш кезеңінде жіңішке ішекгің лимфа гүйіндерінде эмоционалдық сгресс пен иондаушы гамма - сәулеленудің фракциялық дозасының Эминиум Регель сығындысымен біріккен әсері кезінде ГР құрамының және майлардың асқын гогығының біріншілік және екіншілік өнім деңгейінің жоғарылауы; жалпы бейімделу синдромның кеш кезеңінде ДК және МДА деңгейінің бақылау мәндерінен айгарлықгай гөмен екендігін көрсегеді. Жалпы бейімделу синдромның ерге кезеңінде перифериялық қан лимфоциггерінде эмоционалдық сгресс пен иондаушы гамма - сәулеленудің фракциялық дозасының Эминиум Регель сығындысымен біріккен әсері кезінде майлардың асқын гогығының біріншілік және екіншілік өнім деңгейінің жоғарылауы, жалпы бейімделу синдромның кеш кезеңінде ДК және МДА деңгейінің бақылау мәндерінен едәуір гөмендеуі, ГР және ГПО құрамының ұлғаюы байқалды, бұл ангиоксиданггық жүйенің белсенуі гуралы көрсегеді.
105-110 205
Аннотация
Урбанизацияланған территорияның ерекшеліктерінің бірі: қоршаған ортаға антропогендік әсер, ол табиғи геохимиялық фондтың интенсивті өзгеруімен сиппаталады. Адамның өндірістік әрекетінің нәтижесінде табиғи ортаға бөлінетін химиялық байланыстар, тек табиғи айналым циклында жиналып қана қоймай, адамның да организмінде жинала алады. Эколого-гигиеналық территориядағы өркендеудің объективті көрінісі тұрғындардың микроэлементтік статусы болып табылады, сонымен қатар ең тиімді көрсеткіші адам шашы, себебі микроэлементтердің ағзадағы алмасуын және оған ауыр металлдардың токсикалық әсерін шаш арқылы анықтауға болады. Қарағанды облысындағы әртүрлі аймақтарындағы 1 138 тұрғындардың (25-50 жас аралығында 624 әйел және 514 ер адам) және 217 мәйіттің арасында сот-медициналық индентификациялық мүмкіндітерін кеңейту мақсатында, белгісіз тұлғалар және қаңқалық денелердің шаштарына масс-спектрометрия әдісімен және индуктив-байланысты плазма көмегімен көпэлементті анализ алынды. Нәтижесінде Қарағанды облысындағы тұрақты ересек тұрғындардың элементтік статусының ерекшелітері анықталған. Алынған мәліметтер Қарағанды облысының тұрақты ересек тұрғындарының шашындағы элементтерінің референстік мәндері сот-медициналық өндірістегі маңызды идентификациялық тапсырмаларды шешуге арналған салыстыру критерий ретінде қолдануға мүмкіншілік береді.
111-120 416
Аннотация
Экспериментте жегілген ақ егеуқұйрықгарда эмоционалдық сгресс пен иондаушы сәуленің фракциялық дозасының біріккен әсері кезіндегі иммуногенездің оргалық ағзаларындағы майлардың асқын гогығына және ангиоксиданггық жүйеге Эминиум Регель сығындысының әсерін герең зерггеу. Зерггеудің нәгижелері көкбауырда фракцияланған гамма-сәулеленуден кейін ГР және кагалазаның құрамында айгарлықгай гөмендеу байқалғандығын көрсеггі. Тимусга кагалаза белсенділігінің гөмендеуі және МДА деңгейінің жоғарылауы байқалды. Жалпы бейімделу синдромның кеш кезеңінде көкбауырда эмоционалдық сгресс пен иондаушы гамма -сәулеленудің фракциялық дозасының біріккен әсері кезіндегі ДК және МДА конценграциясының жоғарылауы және осы кезеңде гимусга жалпы бейімделу синдромының ерге және кеш кезеңдерінде МАТ-гың белсенуі байқалады. Эмоционалдық сгресс кезіндегі сәулеленген организм көкбауырында Эминиум Регель сығындысы ДК және МДА деңгейі жағынан өзгерісгер гуындагпағандықган, сәулеленген организм ангиоксиданггық жүйенің жоғарылауымен жүреді. Тимусга жалпы адапгациялық синдром кезеңінде эмоционалдық сгресс пен иондаушы гамма -сәулеленудің фракциялық дозасының Эминиум Регель сығындысымен біріккен әсері кезінде майлардың асқын гогығының біріншілік өнімдері конценграциясының гөмендеуі байқалады, ангиоксиданггық қорғаныс жүйесінің белсенуі жалпы адапгациялық синдромның кеш кезеңінде ГР және кагалаза конценграциясының жоғарылауымен көрінеді.

МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ 

121-125 186
Аннотация
Мақалада Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің «Медбикелік іс» мамандығы студенттерінің құндылық бағдарлану зерттеулерінің нәтижелері ұсынылған. Зерттеуде С. С. Бубновтың «Тұлғаның құндылық бағдарланудың нақты құрылымының диагностикасы» психодиагностикалық әдісі мен Шостромның тұлғалық бағдарлану сауалнамасы, авторлық анкета және терең фокустық интервью әдісі қолданылған. Қатысушылардың өзін тұлғалық өзектендіруінің орташа дәрежесін, олар үшін кәсіби және мансаптық құндылықтардың маңызын, коммуникативтік құзыреттілікті жетілдірудің ерекшелігін айғақтайтын деректер алынған.

ТӘЖІРИБЕДЕН БАҚЫЛАУ 

126-129 194
Аннотация
Мақалада күн сәулесі әсерінен көз торшасының фотозақымдалу жағдайы сипатталған. Авторлар оптикалық когерентты томографияның қазіргі заманғы жоғары ақпараты әдісінің арқасында торшаның сыртқы қабаттарында зақымдануының детальдануымен және пигменттік эпителиясымен макуланың фотозақымдалуы анықталған. Сол сияқты, көрудің жеткілікті жоғары деңгейін (екі көзде де 0,9) сақтай отырып, фоторецепторлардың сыртқы және ішкі сегменттерінің бөлшектері көрінуінің жоғары рефлективті аумағында киста түріндегі гипорефлективті дефект анықталған. Оптикалық когерентті томографияның дұрыс диагноз қоюдағы шешуші ролі дәлелденді.


ISSN 2305-6045 (Print)
ISSN 2305-6053 (Online)