ӘДЕБИЕТ ШОЛУЫ 
Авторлар Covid-19 инфекция бағыты бойынша сәулелі диагностика тәсілдерін қолдану мәселесіне әдеби шолу жасайды.
2019-2021 жылдар аралығында әлемде 250 млн.астам адамдардың Covid-19, ал оның ішінде Қазақстанда 980860 мың адам Covid-19 ауруына шалдығып, 12887 адам қайтыс болғанын анықтайды.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 11 наурыз 2020 жылды, Covid-19 оқиғасын, әлемдік пандемияның басты себебі болганын жариялайды [46].
КВИ Covid-19диагнозы лаборатория тәсілі РНК SARS-Cov-2 мен бірге көбінесе сәулелі диагностика (рентгенография, компьютер томография) арқылы қойылады.
Дүниежүзілік статистиканың деректері бойынша Covid-19 бағыттағы зерттеулерде сәулелі диагностика тәсілдерін қолдану мүмкіндігін көрсетеді. Бірақ сәулелі диагностика тәсілдерін қолдану мәселелері қоғамның медициналық, әлеуметтік және экономикалық маңыздылығының дамуымен байланысты (Ресей, Қытай).
33 елдің радиология бөлімдерінің ресми мәліметтері бойынша сәулелі диагностика арқылы, өкпедегі патология өзгерістерінің дұрыс қойылуы (89%, 94%, 100%) маңызды бағыт болып табылады[46]. Әсіресе сәулелі диагностиканың, лаборатория тәсілі ПЦР-дан артықшылығын, оның дифференциялды диагностикадағы мүмкіндігін көрсетеді.
ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ГИГИЕНА 
Мақалада 2021 жылдың қазан айында Қарағанды қаласындағы «№ 3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-де жүргізілген социологиялық зерттеудің нәтижелері берілген. Жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша мекеме медбикелерінің эмоционалдық жағдайына және оның денсаулыққа әсеріне талдау жасалды. Зерттеу негізінде медбикелердің өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған медициналық мекемеге ұсыныстар әзірленді.
КЛИНИКАЛЫҚ МЕДИЦИНА 
Шолуда перинаталдық ауру мен өлімнің басты себептерінің бірі болып табылатын преэклампсия туралы отандық және шетелдік әдебиеттер, деректерді талдау нәтижелері ұсынылған. Преэклампсиясы бар әйелдерде кейіннен жүрек-қан тамырлары асқынуларының даму қаупі жоғары. Жұмыста басты назары преэклампсияның пайда болуына әсер ететін негізгі клиникалық-патогенетикалық механизмдер қозғалған, сонымен қатар клиникалық ағымының тән ерекшеліктері, sflt-1/PlGF, PAPP-A, биохимиялық предикторларына, преэклампсияның эхокардиографиялық көрінісінің ерекшеліктеріне және оның алыс кезеңдегі жүрек-қантамыр ауруларымен ассоциациясына аударылды.
Ұсынылған мақалада өкпенің созылмалы обструктивті ауруының өткір симптомдарымен науқастардың тыныс алу функцияларын зерделеудің көзқарасы сипатталған. Арнайы медициналық бөлімшелерде одан әрі пациент симптомдарының ауырлығына байланысты бетамиметика тестінің көмегімен спирометрияны пайдаланумен кеуде клеткасын стандартты рентгенологиялық тексеруді қолдану арқылы науқастарды тексеру жүргізілген. Нәтижесінде рентгенологиялық зерттеу де, спирометрия да пациенттердің тыныс алу функциясындағы өзгерістерді көрсеткен. Ол өзгерістер өкпенің созылмалы обструктивті ауруымен сырқаттанған пациенттер кіретін топтарға байланысты әртүрлі болып келеді.
Мақалада өкпе патологиясы кезінде тыныс алу функциясын бақылу үшін жүргізілген зерттеулердің талдауы келтірілген. Осы көзқарас тұрғысынан алып қарағанда өкпенің созылмалы обструктивті ауруы өкпенің тыныс алу функциясын зерттеу кезінде басты назарға алынған. Теориялық мәліметтермен қатар, мақалада бір текті емес науқастар тобын зерттеудің талдауы сипатталған, онда спирометрия орындалған, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы тіркелген және белгілі бір кезеңде медициналық көмекке жүгінген пациенттерді зерттеудің нәтижелері берілген.
Бұл мақалада темекі шегетін жүкті әйелдердің жүктілік барысы мен босану соңының ерекшеліктерін салыстырмалы сараптау, сонымен қатар темекі шегудің ұрықтың құрсақішілік дамуына және перинатальды нәтижелеріне әсері жайлы талқыланады. Осы жұмысты жүргізу үшін және де жүктіліктің ағымы, сондай-ақ акушерлік–гинекологиялық анамнезі туралы толық ақпарат алу үшін 90 әйелдің және олардың нәрестелерінің ауру тарихтары талданды. Атқарған жұмысымызды сараптау барысында, темекі шегудің нәтижесінде созылмалы фетоплаценталық жеткіліксіздік, ұрықтың құрсақішілік әртүрлі даму кідірісі және нәрестелер салмағының гестация мерзіміне сәйкес келмеуі сияқты асқынуларға алып келетіні анықталды.
ТӘЖІРИБЕДЕН БАҚЫЛАУ 
Лайелл синдромы – бұл аллергиялық табиғаттың ауыр полиэтиологиялық ауруы, ол емделушінің жалпы жағдайының жіті бұзылуымен, барлық тері мен шырышты қабатының буллезді зақымдануымен сипатталады.
Ол өзінің негізгі атауын 1956 жылы алғаш рет токсикодермияның ауыр түрі ретінде сипаттаған дәрігер Лайеллдің құрметіне алды. Бұл синдром кейінгі жылдары халықтың барлық жастағы топтары арасында өсу үрдісіне ие (соның ішінде емшек еметін сәбилер), халықтың барлық жастағы топтары арасында химия терапиясының кеңінен тарауына байланысты болып отыр.
Лайелл синдромы дамуының ең жиі кездесетін себептері сульфаниламидтер, антибиотиктер (әсіресе пенициллин, стрептомицин және тетрациклиндер), салицил қышқылының, пиразолон туындылары, барбитураттар, дизентериялық бактериофаг, сіреспеге қарсы сарысу болып табылады. Әсіресе түрлі дәрі-дәрмектердің қоспасынан, әдетте антибиотиктерден, сульфаниламидтерден, қабынуға қарсы, антипирексикалық препараттардан тұратын “терапевтік коктейлдерді” пайдалану өте қауіпті.
Лайелл синдромы сирек кездесетін ауруға жатады. Кез-келген жаста, көбінесе 20-40 жастағы адамдарда, сирегірек балаларда өмірінің алғашқы үш жылы ішінде кездеседі. Лайелл синдромы жалпы жиілігі 1 млн халыққа 0,4 тен 1,2 жағдайға дейін болып тұрады, дәрі-дәрмектік аллергия жағдайларының 0,3%-да кездеседі. Әртүрлі деректер бойынша Лайелл синдромындағы өлім-жітім 30%-дан 70%-ға дейін құрайды, өйткені Лайелл синдромы ауыр өтуінен сырқаттардың 30—50% -ында ауырғаннан бастап 5—30 күн ішінде өліп кету қаупі туындайды. Аурудың маусымдық көтерілуі қысты күні және ерте көктемде тіркеледі. Аурудың беті қайтқанда қайталап ауыруы да мүмкін. Әдебиетте осы тақырыпқа арналған және емдеудің заманауи әдістеріне арналған жарияланымдар аз.
Аурудың болжамы оның ағымының сипатымен анықталады. Осыған байланысты Лайелл синдромы ағымының 3 нұсқасы бөлінеді: жедел түрде өліммен аяқталған, жедел инфекциялық процестің қосылуы кезінде өліммен аяқталған және әдетте 7-10 күннен кейін қолайлы емделген болып. Емдеу шараларының ерте басталуы және оларды мұқият жүргізу аурудың болжамын жақсартады. Бұл синдром медицинадағы өзекті тақырыптардың бірі болып табылады, патогенездік тұрғыда аутоиммундық, аутоаллергиялық ауру ретінде қаралады.
ISSN 2305-6053 (Online)