Медициналық білім алушылар үшін «мәдениеттану» пәнін оқытудың маңыздылығы
https://doi.org/10.59598/ME-2305-6053-2025-114-1-184-189
Аннотация
Зерттеудің мақсаты. Медициналық білім алушылар үшін мәдениеттану пәнінің маңыздылығын түсіндіре отырып, аталған пәннің әлеуметтік дамудың негізгі шешуші фактор екендігін дәлелдеу.
Материалдар және әдістер. Мақаланың ғылыми-әдістемелік негізі ретінде осы тақырып бойынша зерттеліп, баспадан шыққан еңбектер қолданылды. Зерттеулерді топтастыру мәселесімен шұғылданған ғалымдардың еңбектерін қарастыру барысында және оларды сараптап, талдау жасау кезінде: тарихи-объективтік, логикалық, жүйелілік, салыстырмалы талдау т.б. әдістері пайдаланыла отырып, тарихи-объективтік принципі негізінде орындалды.
Нәтижелер және талқылау. Медициналық білім беруде мәдениеттану пәнін оқытудағы білім берудің өзектілігі талданды. Мәдениеттанудың интегративті сипаты кез келген салада мәдени құзыреттіліктерді қалыптастыруды кеңейтеді. Таза білім беру міндеттерінен басқа, мәдениеттану медицина мен мәдениеттің тығыз онтологиялық байланысын көрсетеді. Медицина адам туралы білімінде тек рационалды, логикалық аспектілермен шектеле алмайды. Дәрігер, адамның эмоционалды-рухани жағын көруге және сезінуге, оның кәсіби міндеттерін орындау барысында оның маңыздылығын ескеруге, оларға әсер ете білуге міндетті.
Қорытынды. Авторлар мәдениеттанудың пәнаралық сипатын және зерттеу пәнінің мазмұнын анықтай отырып, медициналық университеттердің білім беру кеңістігінде «мәдениет» терминін түсіндіруге назар аударып, мәдениет пен медицинаның байланысын қарастырады. Мәдениет пен медицина одағының мүмкіндігін анықтай отырып, авторлар «медициналық мәдениет» ұғымына түсінік береді. Медициналық мәдениет – бұл күрделі және көп қырлы әлеуметтік-мәдени құбылыс, онда жеке адамның және тұтас қоғамның денсаулығы мен өмір сапасы, адам өмірінің ерекшеліктері көрініс табады. Мәдениеттанудың интегративті сипатын ескере отырып, авторлар оның жалпы мәдени және кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыру саласындағы бірегей мүмкіндіктерін көрсетеді. Талдау нәтижесінде медициналық білім беруде мәдени білімнің қажеттілігі туралы ұстаным дәлелденеді.
Авторлар туралы
А. А. АхатоваҚазақстан
Айгуль Арыслановна Ахатова – Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының ассистент-профессоры;
100000, Қарағанды қ., Гоголь к-сі, 40
С. М. Аралбай
Қазақстан
100000, Қарағанды қ., Гоголь к-сі, 40
К. Ж. Абдрахманова
Қазақстан
100000, Қарағанды қ., Гоголь к-сі, 40
Әдебиет тізімі
1. Зачем вообще нужны история и культурология студентам технических и медицинских вузов? https://www.ng.ru/science/2014-11-26/10_news.html?id_user=Y
2. Ковтюх Г.С., Козлова М.А. Взаимосвязь медицины и культуры. Лечебное дело. 2016; 2: 71-75.
3. Кургузов В.Л. Почему нужна культурология в высшей школе? Новая университетская жизнь. 2010; 1. http://gazeta.sfu-kras.ru/node/2024
4. Медведева Л.М. Медицина и культура. Учебное пособие. Волгоград: Изд-во Волг МУ; 2014: 184.
5. Место культурологии в образовательном процессе. http://studopedia.ru/10_150068_mestokulturologii-vobrazovatelnom-protsesse.html
6. Резник Ю.М. Культурология как проект общей науки о культуре. Обсерватория культуры. 2011; 3: 4-12.
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Ахатова А.А., Аралбай С.М., Абдрахманова К.Ж. Медициналық білім алушылар үшін «мәдениеттану» пәнін оқытудың маңыздылығы. Медицина және экология. 2025;(1):184-189. https://doi.org/10.59598/ME-2305-6053-2025-114-1-184-189
For citation:
Akhatova A.A., Aralbay S.М., Abdrakhmanova K.Zh. The importance of cultural studies teaching to medical students. Medicine and ecology. 2025;(1):184-189. (In Russ.) https://doi.org/10.59598/ME-2305-6053-2025-114-1-184-189