Preview

Медицина және экология

Кеңейтілген іздеу

2015-2020 ЖЫЛДАР АРАЛЫҒЫНДАҒЫ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ ҚУЫҚ АСТЫ БЕЗІ ОБЫРЫНЫҢ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ

Толық мәтін:

Аннотация

Ер адамдарға қойылатын рак диагнозі ішінде ең жиі кездесетіні- қуықасты безі обыры(ҚБО). Ол көбінесе жасырын ағымға ие болса да, простата обыры ерлердегі қатерлі ісік ауруынан болатын өлімнің үшінші басты себебі болып қала береді. Тәуекелдің негізгі факторлары- жас және отбасылық бейімшілділік. Диагноз простатспецификалық антиген және саусақпен ректальді зерттеу деңгейінің ауытқулары бар пациенттерде, қуық асты безінің биопсиясы арқылы дәлелденеді. Бұл мақалада қуықасты безі обырының Семей қаласы бойынша эпидемиологиялық көрсеткіштері: оның жасы, кезеңдері, ұлттары бойынша қарастырылады. Соңғы онжылдықта ауру деңгейі көбінесе простатаға тән антигендерді тестілеуді кеңінен қолдану арқылы өсті, дегенмен простата обырынан болатын өлім-жітім осы уақыт аралығында салыстырмалы түрде тұрақты болып қала берді. Мақсаты: 2015-2020 жылдар аралығындағы Семей қаласының өңірлік онкологиялық диспансерінде есепте тұрған пациенттердің қуықасты безі обырының эпидемиологиялық көрсеткіштерін зерттеу. Материалдармен әдістер: бұл зерттеудің дизайны көлденең ретроспективті болды. Осы мақсатқа жету үшін біз Шығыс қазақстан облысы Семей қаласының өңірлік онкологиялық диспансерінде қуықасты безі обырымен байқалатын пациенттердің ресми медициналық құжаттамасына талдау жүргіздік. Зерттеу әдістеріне 2015 жылғы 1 қаңтар мен 2020 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы простата обырының барлық тіркелген жағдайларының деректерін көшірдік. Біз ҚБО-ның жас-жыныстық, этникалық және морфологиялық ерекшеліктерін зерттедік. Нәтижелерді статистикалық өңдеу Excel 2010 программасы арқылы жүргізіліп, алынған мәліметтер диаграмма түрінде көрсеттік. Нәтижелер: зерттелген уақыт аралығында (2015-2020жж), Семей қаласы онкологиялық және ядролық мединалық орталық мәліметі бойынша қуықасты безі қатерлі ісігімен 385 жағдай тіркелген, соның ішінде 44 жағдай өліммен аяқталған. Этникалық құрамы бойынша қазақтар жалпы орта есепте 75,09%, орыстар 25,5%, басқа ұлт өкілдері 19,3% құраған. Науқастардың көпшілігі 1-2 кезеңінде бақылауға алынған. 3 кезеңдегі науқастар, кездесу жиілігі бойынша 3 орында тұр. Қорытынды: Қуық асты безі обыры деңгейінің соңғы(2015-2020) жылдар аралығыда өсуі тек ғана Семей қаласында ғана емес, сондай-ақ дүниежүзілік деңгейде де өсім байқалады. Басты себебтер ретінде ер адамдар өмір салтының өзгеруі, жаппай қалаға көшу, шылым шегу және де ауқымды түрде скринигтіктік шараларды енгізу. ПСА скрининг- обырдың бастапқы 1-2 кезеңдерінде көптеп анықталуына алып келді. Сол себебті қуық асты безі обыры емдеу шараларын қайта қарау басты сұрақтардың бірі ретінде қарастыруы керек.

Авторлар туралы

Е. Х. Әбілдаев
«Семей медицина университеті» КеАҚ
Қазақстан


Ж. М. Дүйсенғажыева
«Семей медицина университеті» КеАҚ
Қазақстан


О. Д. Жұмабеков
«Семей медицина университеті» КеАҚ
Қазақстан


А. Қ. Қасымғали
«Семей медицина университеті» КеАҚ
Қазақстан


Е. С. Сәбит
«Семей медицина университеті» КеАҚ
Қазақстан


А. М. Кабыкенов
«Семей медицина университеті» КеАҚ
Қазақстан


Әдебиет тізімі

1. Беляева С. В., Челак Е. Н. Excel: от простого к сложному /С. В. Беляева, Е. Н. Челак //КИО. - 1998. - №6. URL: https://cyberlenmka.ru/article/n/excel-ot-prostogo-k-slozhnomu (дата обращения: 22.04.2021).

2. Гржибовский А. М. Поперечные (одномоментные) исследования в здравоохранении /А. М. Гржибовский, С. В. Иванов //Наука и здравоохранение. - 2015. - №2. - С. 5-18.

3. Рак предстательной железы в Республике Беларусь: вчера, сегодня, завтра //О. Г. Суконко, С. А. Красный, А. Е. Океанов и др. // Здравоохранение. - 2013. - №11. - С. 34-42.

4. Чиссов В. И. Заболеваемость раком предстательной железы в Российской Федерации /В. И. Чиссов, И. Г. Русаков //Эксперим. и клинич. урология. - 2011. - №2-3. - С. 6-7.

5. Changing trends of prostate cancer in Asia /Y. S. Pu, H. S. Chiang, C. C. Lin et al. // Aging Male. - 2004. - V. 7(2). - P.120-132.

6. Global Cancer Statistics 2020: GLO-BOCAN Estimates of Incidence and Mortality Worldwide for 36 Cancers in 185 Countries /H. Sung, J. Ferlay, R. L. Siegel et al. //CA Cancer J. Clin. - 2021. - V. 71(3). - P. 209-249.

7. Humphrey P. A. Histological variants of prostatic carcinoma and their significance // Histopathology. - 2012. - V. 60(1). - P. 59-74.

8. Mattiuzzi C. Current Cancer Epidemiology /C. Mattiuzzi, G. Lippi //J. Epidemiol. Glob. Health. - 2019. - V. 9(4). - P. 217-222.

9. Printz C. Early-stage prostate cancer, PSA screening rates decline //Cancer. - 2016. - V. 122(6). - P. 825.

10. Smarter screening for prostate cancer / G. H. Tan, G. Nason, K. Ajib et al. //World Journal of Urology. - 2019. - V. 37. - P. 991-999.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Әбілдаев Е.Х., Дүйсенғажыева Ж.М., Жұмабеков О.Д., Қасымғали А.Қ., Сәбит Е.С., Кабыкенов А.М. 2015-2020 ЖЫЛДАР АРАЛЫҒЫНДАҒЫ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ ҚУЫҚ АСТЫ БЕЗІ ОБЫРЫНЫҢ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ. Медицина және экология. 2021;(2):80-84.

For citation:


Abildaev Y.Kh., Duisengazhieva Zh.M., Zhumabekov O.D., Kassymgali A.K., Sabit E.C., Kabykenov A.M. EPIDEMIOLOGICAL DATA ON PROSTATE CANCER IN SEMEY FROM 2015 TO 2020. Medicine and ecology. 2021;(2):80-84. (In Russ.)

Қараулар: 227


ISSN 2305-6045 (Print)
ISSN 2305-6053 (Online)