Preview

Медицина және экология

Кеңейтілген іздеу

ИНТЕРНАТУРАДАҒЫ ОБЪЕКТИВТ І ҚҰРЫЛЫМДЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ ЕМТИХАНҒА ТАЛДАУ

Толық мәтін:

Аннотация

Зерттеудің мақсаты «жалпы дәрігерлік тәжірибе негіздері» пәні бойынша оқу процесіне виртуалды технологиялар элементтерін енгізудің тиімділігін бағалау болып табылады. Зерттеу материалы виртуалды науқасқа негізделген әзірленген электрондық клиникалық сценарий (кейс) болды. PBL (Problem-based Learning) әдісі виртуалды пациенттің «жедел іш» проблемасымен клиникалық сценарийді (кейсті) пайдалана отырып, нақты жағдайға бейімделген және «жалпы дәрігерлік тәжірибе негіздері» пәнінің оқытушысымен студенттің өзіндік жұмыс сағаттарында «Жалпы медицина» мамандығы бойынша 5 курс студенттерінде - қазақ тілінде оқитын 86 студентте, 45 студентте - орыс тілінде енгізілді. Сценарий Open labyrinth арнайы компьютерлік бағдарламасының көмегімен жасалды. Оқытудың белсенді әдістеріне виртуалды технологиялар элементтерін енгізуді бағалау үшін біз «оқытудың белсенді әдісін енгізу бойынша сауалнама (PBL) - «виртуалды пациент» әзірледік. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, виртуалды пациенттің клиникалық сценарийін оқытудың белсенді әдістеріне (PBL) енгізу білім алушыларды нақты практикаға жақындатуға, медициналық қателіктерден аулақ болуға, сондай-ақ коммуникативтік, диагностикалық, емдеу, профилактикалық, оңалту, ғылыми-зерттеу қызметіне бағытталған кәсіби құзыреттерді дамытуға мүмкіндік береді. Сауалнама нәтижелері студенттердің көпшілігі қазақ тілінде оқитындардың - 81 (94%), орыс тілінде оқитындардың - 43 (96%) виртуалды пациентпен кейстерді пайдалана отырып СОӨЖ сабақтарын өткізуді қалайтындығын көрсетті. Сондай-ақ, сауалнама деректері бойынша орыс және қазақ бөлімі студенттерінің 88%-ы оқытудың бұл түрі білім алушыларда коммуникативтік, диагностикалық, емдеу, профилактикалық, оңалту, ғылыми-зерттеу қызметіне бағытталған кәсіби құзыреттілікті дамытады деп атап өтті. Осылайша, студенттердің 86%-ында коммуникативтік дағдылар, АМСКК деңгейінде неғұрлым кең таралған ауруларды диагностикалаудың клиникалық дағдылары - 88%-да, емдеу қызметіндегі клиникалық дағды 78%-да, профилактикалық қызметтегі клиникалық дағды 80%-да, оңалту қызметіндегі клиникалық дағды 52%-да, ғылыми-зерттеу қызметіндегі клиникалық дағды 52%-да дамыды.

Авторлар туралы

М. С. Серикова
Қарағанды медицина университет
Қазақстан


К. А. Алиханова
Қарағанды медицина университет
Қазақстан


Т. О. Абугалиева
Қарағанды медицина университет
Қазақстан


В. А. Жакипбекова
Қарағанды медицина университет
Қазақстан


А. Т. Такирова
Қарағанды медицина университет
Қазақстан


Әдебиет тізімі

1. Глобальная задача ВОЗ (2017 год): www.who.int/patientsafety/medication-safety/en/

2. Богуцкая Н. К. Виртуальные пациенты в обучении интегрированному ведению болезней детского возраста //Смоленский медицинский альманах. - 2016. - С. 64-68.

3. Врачебные ошибки как причина осложнений лекарственной терапии /В. К. Лепахин, А. В. Астахова, Е. А. Овчинникова, Л. К. Овчинникова //Качественная клиническая практика. - 2002. - №1. - С. 56-59.

4. Забокрицкий Н. А. Инновационность и профессионализация в системе высшего образования //Матер. Евраз. конгр. «Медицина, фармация и общественное здоровье». - Екатеринбург, 2013. - С. 553-557.

5. Леотсакос А. Решения безопасности пациентов. Качество медицинских услуг, безопасность пациентов и аккредитация http:// www.rcrz.kz/files/conf.pdf

6. Лечение без вреда: Третья глобальная проблема безопасности пациентов в ВОЗ http://tame-project.org

7. Опыт внедрения алгоритмизированного «виртуального пациента» в педагогическую практику по дисциплине «Офтальмология» /Б. С. Ахмадьярова, Ю. А. Шустеров, В. П. Риклефс и др. //Медицинское образование и профессиональное развитие. - 2017. - №2. -С. 12-19.

8. Поцелуев Е. Л. Медицинская ошибка и преступление: равнозначные понятия? /Е. Л. Поцелуев, А. Е. Горбунов //Наука. Общество. Государство. - 2017. - Т. 5, №1. - http:// esj.pnzgu.ru ISSN 2307-9525 (Online)

9. Программа ВОЗ по обеспечению безопасности пациентов. https: //www.who.int> patientsafety>about>programmes

10. Billings С. Incident reporting systems in medicine and experience with the aviation safety reporting systems. A Tale of Two Stories: (contrasting Views of Patient Safety. National Patient Safety Foundation, American Medical Association. - Chicago Illinois, 1998. - 344 p.

11. Medication errors in a pediatric department /P. M. Olsen, H. Lorentzen, K. Thomsen, A. Fogtmann //Ugeskr. Laeger. - 1997. - V. 14. - Р. 2392-2395.

12. The nature of adverse events in hospitalized patients: Results of the Harvard Medical Practice Study /L Leape, Т. Brennan, N. Laird et al. //New Engl. J. Med. - 1991. - V. 324. - Р. 377-384.

13. The replacement of «paper» cases by interactive online virtual patients in problem-based learning /T. Poulton, E. Conradi, S. Kavia et al. // Med. Teach. - 2009. - V. 31. - P. 752-758.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Серикова М.С., Алиханова К.А., Абугалиева Т.О., Жакипбекова В.А., Такирова А.Т. ИНТЕРНАТУРАДАҒЫ ОБЪЕКТИВТ І ҚҰРЫЛЫМДЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ ЕМТИХАНҒА ТАЛДАУ . Медицина және экология. 2020;(4):116-123.

For citation:


Serikova M.S., Alikhanova K.A., Abugaiiyeva T.O., Zhakipbekova V.A., Takirova A.T. THE RESULTS OF INTRODUCING ELEMENTS OF VIRTUAL TECHNOLOGIES INTO THE EDUCATIONAL PROCESS IN THE DISCIPLINE «FUNDAMENTALS OF GENERAL MEDICAL PRACTICE» . Medicine and ecology. 2020;(4):116-123. (In Russ.)

Қараулар: 191


ISSN 2305-6045 (Print)
ISSN 2305-6053 (Online)