Preview

Медицина және экология

Кеңейтілген іздеу

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКА СЫНДАҒЫ ӨНДІРІСТІКЖАРАҚА ТТАНУ ЖӘНЕ КӘСІБИ АУРУЛАР

Толық мәтін:

Аннотация

Қазақстан Республикасында 10 жыл тереңдігіндегі өндірістік жарақаттану мен кәсіби ауруларға талдау жүргізілді, қолайсыз және зиянды еңбек жағдайлары бар салалар бойынша деректер ұсынылды. Ерлер мен әйелдер арасындағы (соның ішінде топтық) оқиғалардың жалпы санының динамикасы көрсетілген, өндірістегі жазатайым оқиғалардан зардап шеккендердің және қаза болғандардың саны келтірілген. Экономикалық қызметтің жекелеген түрлері бойынша және ҚР әр түрлі аймақтарындағы жазатайым оқиғалар деңгейі бойынша өндірістік жарақаттану және кәсіби аурулар бойынша деректер көрсетілген. Жұмыстың мақсаты: соңғы 10 жыл, 2008-2018 ж.ж. аралығындағы ҚР-ғы өндірістік жарақаттану мен кәсіби ауруларды талдау. Материал және әдістері: Қазақстан Республикасында өндірістік жарақаттану мен кәсіби сырқаттанушылыққа шолу Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігінің статистикалық деректерін талдау негізінде жасалды. Нәтижелері және талқылауы: жазатайым оқиғалар деңгейін талдау республиканың барлық өңірлерінде өндірістік жарақаттанудың төмендеуінің жалпы үрдісі бар екенін көрсетті. Мысалы, 2008 және 2018 жылдардағы көрсеткіштерді салыстыру кезінде мыналар байқалады: Қарағанды облысы бойынша - 54,2%-ға төмендеді; Шығыс Қазақстан облысы бойынша - 43,6%-ға төмендеді; Павлодар облысы бойынша - 43,6%-ға төмендеді; Астана қаласы бойынша - 55,9%-ға төмендеді; Алматы қаласы бойынша - 44%-ға төмендеді. Осыған қарамастан, елдегі өндірістік жарақаттану мен кәсіби аурулардың жалпы деңгейі жоғары болып қалуда, ол еңбек жағ-дайларын бағалау нәтижелері бойынша іс-шараларды іске асыруды және ерекше назар аударуды талап етеді. Қорытынды: жалпы республикадағы жарақаттану және кәсіби аурулар бойынша жағдайды талдай отырып, әрбір болған жазатайым оқиға әлеуметтік шығыннан басқа мемлекетке үлкен материалдық шығын әкеледі деп айтуға болады. Талдау нәтижесінде жазатайым оқиғалардан зардап шеккендердің ең көп саны және тиісінше неғұрлым көп материалдық шығындар тозған негізгі қорлары, өңделген шикізат базасы бар өңірлерде байқалатыны анықталды, мұның салалық салдары да бар.

Авторлар туралы

Н. Ж. Ердесов
Қарағанды медицина университет
Қазақстан


Е. Н. Сраубаев
Қарағанды медицина университет
Қазақстан


Б. .. Серик
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университет
Қазақстан


Әдебиет тізімі

1. Измеров Н. Ф. Концепция осуществления государственной политики, направленной на сохранение здоровья работающего населения России на период до 2020 года и дальнейшую перспективу /Н. Ф. Измеров, И. В. Бухтияров, Л. В. Прокопенко //Здоровье населения и среда обитания. - 2014. - №9. - С. 4-8.

2. Малашкина В. А. Обзор опыта проведения периодической оценки условий труда на горнодобывающих предприятиях Республики Казахстан /В. А. Малашкина, А. Копылова // Горный информационно-аналитический бюллетень. - 2019. - №5. - С. 209-216.

3. Носатова Е. А. Влияние условий труда работников горной отрасли на формирование производственного травматизма и профзаболеваний /Е. А. Носатова, А. Ю. Семейкин //Известия Тульского государственного университета. Науки о земле. - 20l8. - №1. - С. 102-112.

4. Фомин Е. П. Социально-гигиенические и медико-демографические аспекты здоровья работающего населения //Здоровье населения и среда обитания. - 2014. - №10. - С. 22-25.

5. Хрупачева А. Г. Профессиональный риск. Теория и практика расчета /А. Г. Хрупачева, А. А. Хадарцева. - Тула: Изд-во ТулГУ, 2011. - 330 с.

6. Численность работников, занятых во вредных и других неблагоприятных условиях труда, по отдельным видам экономической деятельности Республики Казахстан» [Электронный ресурс]. - Электронные данные - Комитет по статистике Министерства Национальной Экономики РК 2018 год - Режим доступа: http:// stat.gov.kz/. Дата обращения: 20.04.2020.

7. Bastgen A. Employment protection and the market for innovations /A. Bastgen, C. L. Holzner //Labour Economics. - 2017. - V. 46. -P. 77-93.

8. Lost in translation: The challenge of adapting integrated approaches for worker health and safety for low- and middle-income countries /G. Sorensen, E. M. Nagler, P. Pawar et al. //Plos One. - 2017. - V. 12. - P. 18-26.

9. Matkovcikova N. Financial cost of occupational accident in the EU countries //The 10th International Scientific Conference on Financial Management of Firms and Financial Institutions. -Ostrava, 2015. - P. 772-776.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Ердесов Н.Ж., Сраубаев Е.Н., Серик Б... ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКА СЫНДАҒЫ ӨНДІРІСТІКЖАРАҚА ТТАНУ ЖӘНЕ КӘСІБИ АУРУЛАР. Медицина және экология. 2020;(4):38-45.

For citation:


Yerdessov N.Zh., Sraubayev Ye.N., Serik B... OCCUPATIONAL TRAUMATISM AND PROFESSIONAL MORBIDITY IN THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN. Medicine and ecology. 2020;(4):38-45. (In Russ.)

Қараулар: 283


ISSN 2305-6045 (Print)
ISSN 2305-6053 (Online)