Preview

Медицина және экология

Кеңейтілген іздеу

12 ЖАСАР БАЛАЛАРДА ОРТОДОНТИЯЛЫҚ ЕМДЕУДІҢ КАЖЕТЛЛІГІНАНЫҚТАУ

Толық мәтін:

Аннотация

Зерттеудің мақсаты: Қарағанды қ. балалардағы DAI индексі деректеріне сәйкес ортодонтиялық емдеу қажеттілігін талдау. Материалдар мен әдістер: осы мақсатты шешу үшін Қарағанды қаласының мектептерінде 12 жастағы 400 баланы стоматологиялық тексеру жүргізілді. Ортодонтиялық емдеу қажеттілігін анықтау үшін ДДҰ ұсынған тіс эстетикалық индексі (DAI) есептелді. Деректерді статистикалық өңдеу Windows ОЖ үшін SPSS ver.20 бағдарламасымен жүзеге асырылды. Нәтижелер мен талқылау: тексерілген балалар арасында 67% балаларда тіс-жақ аномалиялары байқалды. Нозологиялық нысандардың құрылымында, балалардың 39% -ында жеке тістің орналасу аномалиясы және 28%-да окклюзияның аномалиясы басым болды. Стоматологиялық эстетикалық индексінің көрсеткіштері көрсеткендей, 76% балаларда ортодонтиялық емдеуді қажет етпейтін окклюзия бұзылулары шағын немесе жоқ болған. Селективті емдеуге мұқтаж балалардың 12% -ында айқын тістем бұзылыстары анықталды. Индекс мәндеріне сәйкес әрбір і2 сынып оқушысында (8%) тісемнің ауыр бұзылыстары байқалған; бұл жағдайда емдеу өте қажет. Өте ауыр бұзылыстар әлдеқайда жиі болды - 4%; бұл оқушыларға кешенді түрде емделу міндетті. Қорытынды: осылайша, жүргізілген зерттеу Қарағанды қаласының балаларындағы тіс жақ аномалияларының құрылымын нақтылауға және ортодонтиялық емдеудің қажеттілігін зерделеуге мүмкіндік берді.

Авторлар туралы

А. Г. Жармагамбетова
Ұлттық медицина университеті АҚ
Қазақстан


С. Т. Тулеутаева
Қарағанды мемлекеттік медицина университет
Қазақстан


Әдебиет тізімі

1. Алимский А. В. Изучение возрастной динамики распространенности аномалий зубочелюстной системы среди детского населения /А. В. Алимский, А. Я. Долгоаршинных //Ортодонтия. - 2008. - №2. - С. 10-11.

2. Газизуллина О. Р. Предикторы эффективности ортодонтического лечения детей: Автореф. дис..канд. мед. наук. - Казань, 2009. - 119 с.

3. Леус П. А. Критерии ВОЗ оценки качества системы стоматологической помощи населению //Экономика и менеджмент в стоматологии. - 2010. - №30. - С. 56-64.

4. Распространенность дистального прикуса у детей /А. Г. Жармагамбетова, С. Т. Тулеутаева, К. С. Мухтарова и др. //Матер. междунар. конф. «Клиническая медицина - 2014». - Алматы, 2014. - С. 105-115.

5. Poonacha K. S. Dental aesthetic index: Applicability in Indian population: A retrospective study /K. S. Poonacha, S. D. Deshpande, A. L. Shigli //J. Indian. Soc. Pedod. Prev. Dent. - 2010. - V. 28. - P. 13-17.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Жармагамбетова А.Г., Тулеутаева С.Т. 12 ЖАСАР БАЛАЛАРДА ОРТОДОНТИЯЛЫҚ ЕМДЕУДІҢ КАЖЕТЛЛІГІНАНЫҚТАУ . Медицина және экология. 2018;(4):69-72.

For citation:


Zharmamagambetova A.G., Tuleutayeva S.T. DETERMINATION OF NECESSITY IN ORTHODONTIC TREATMENT IN 12 YEARS OLD CHILDREN . Medicine and ecology. 2018;(4):69-72. (In Russ.)

Қараулар: 233


ISSN 2305-6045 (Print)
ISSN 2305-6053 (Online)