Preview

Медицина және экология

Кеңейтілген іздеу

Клиникалық зерттеулерді іске асыру саласындағы Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау мамандарының зерттеу әлеуетін бағалау: онлайн сауалнама және өзін-өзі бағалау нәтижелері. Клиникалық зерттеушілер тапшылығының жаһандық дағдарысы

https://doi.org/10.59598/ME-2305-6045-2024-112-3-121-128

Толық мәтін:

Аннотация

Бұл зерттеудің мақсаты – практикалық денсаулық сақтау мамандарының клиникалық зерттеулерді жүзеге асыру үшін потенциалын, дағдылары мен білімін анықтау және талдау болды. Сонымен қатар, зерттеушілік қызметке төмен қатысу себептерін анықтау.
Материалдар және әдістер. Арнайы әзірленген сауалнама арқылы онлайн сұрау жүргізілді. Қазақстанның барлық өңірлерінен әртүрлі мамандықтар мен білім деңгейлері бар денсаулық сақтау мамандары (дәрігерлер, медбикелер, медициналық білім беру ұйымдарының оқытушылары) қатысты. Кездейсоқ таңдау әдісімен 337 респондент сауалдарға жауап берді. Сауалнама анонимді түрде Google Forms арқылы жүргізілді.
Нәтижелер және талқылау. Респонденттердің 29,7% клиникалық зерттеулерге қатысқан. Респонденттердің басым көпшілігі клиникалық зерттеулерді жүргізу бойынша жеткілікті білімге ие емес, орташа алғанда әр сұраққа 35% дұрыс жауап берген. Респонденттердің зерттеу дизайнын таңдау, зерттеу объектілерінің топтарын құру, деректерді жинау, талдау және интерпретациялау, статистикалық өңдеу бойынша білімдері мен дағдыларын өзін-өзі бағалауы орташа 3 баллды (max = 5 балл) құрады. Барлық респонденттер клиникалық зерттеулер бойынша әртүрлі басымдықтағы оқытуды қажет ететінін білдірді. Клиникалық зерттеулерді жүргізудегі негізгі кедергілер ретінде жұмыс уақытының жетіспеушілігі (44%), білім деңгейінің төмендігі (34%), білім беру бағдарламаларының қолжетімсіздігі (28%), жеке қызығушылықтың болмауы (27%), клиникалық базалардың инфрақұрылымының сәйкес келмеуі (23%), пациенттерді жинаудағы қиындықтар (20%) және кәсіби автономияны жоғалту қаупі (13%) анықталды.
Қорытынды. Сауалнама нәтижелері клиникалық зерттеулерді ұйымдастыру мен жүргізу бойынша зерттеу потенциалының қанағаттанарлықсыз деңгейін көрсетеді. Респонденттер арасында клиникалық зерттеу анықтамасын түсіну, халықаралық стандарттар мен Қазақстан Республикасының клиникалық зерттеулер бойынша заңнамалық талаптарын білу бойынша олқылықтар анықталды, зерттеулерді жоспарлау, зерттеу командасын құру және зерттеуді жүргізуге дейінгі барлық кезеңдерде. Негізгі кедергілер – зерттеушілік қызметпен айналысуға уақыттың жетіспеушілігі, осы саладағы білім мен тәжірибенің төмендігі, клиникалық зерттеулерге бағытталған даярлық бағдарламаларының қолжетімсіздігі және мамандардың төмен қызығушылығы болып табылады.

Авторлар туралы

Г. У. Кулкаева
«Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы» ШЖҚ РМК
Қазақстан

010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 20



В. М. Тарасова
«Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы» ШЖҚ РМК
Қазақстан

Валентина Михайловна Тарасова - Клиникалық зерттеулерді дамыту орталығы

010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 20



М. А. Граф
«Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы» ШЖҚ РМК
Қазақстан

Клиникалық зерттеулерді дамыту орталығы

010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 20



А. Б. Табаров
«Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы» ШЖҚ РМК
Қазақстан

010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 20



Әдебиет тізімі

1. ACRP-PM® (ACRP Project Manager) // https://acrpnet.org/certification/acrp-pm/ (accessed : 05.05.2024).

2. Clinical Research Certification. Clinical Research Training //https://ccrps.org/ (accessed : 05.05.2024).

3. Clinical research project manager academy // https://viares.com/product/clinical-research-project-manager-2024/ (accessed : 05.05.2024).

4. Decree of the Government of the Republic of Kazakhstan dated November 24, 2022 No.945 //https://adilet.zan.kz/rus/docs/P2200000945 (accessed : 03.06.2024).

5. Freel S. A. Now is the time to fix the clinical research workforce crisis /S. A. Freel, D. C. Snyder, K. Bastarache //Clin. Trials. – 2023. – V. 20 (5). – Pp. 457-462.

6. Global Forum for Health Research & World Health Organization (‎2004)‎. The 10/90 (‎ten ninety)‎ report on health research 2003-2004. World Health Organization //https://iris.who.int/handle/10665/44386 (accessed : 05.05.2024).

7. How clinical trials work. Australian Government, 2023 //https://www.australianclinicaltrials.gov.au/about/how-they-work#who-conducts-clinical-trials (accessed : 17.05.2024).

8. Order of the Minister of Healthcare of the Republic of Kazakhstan dated December 11, 2020 No. RK MH-248/2020 //https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2000021772 (accessed : 03.06.2024).

9. SOCRA for clinical research excellence // https://www.socra.org/certification/certification-program/ccrp-certification-quick-facts/ (accessed : 05.05.2024).


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Кулкаева Г.У., Тарасова В.М., Граф М.А., Табаров А.Б. Клиникалық зерттеулерді іске асыру саласындағы Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау мамандарының зерттеу әлеуетін бағалау: онлайн сауалнама және өзін-өзі бағалау нәтижелері. Клиникалық зерттеушілер тапшылығының жаһандық дағдарысы. Медицина және экология. 2024;(3):121-128. https://doi.org/10.59598/ME-2305-6045-2024-112-3-121-128

For citation:


Kulkayeva G.U., Tarassova V.M., Graf M.A., Tabarov A.B. Assessment of the research potential of healthcare specialists in the Republic of Kazakhstan in the implementation of clinical research: results of online questionnaires and self-assessments. Global crisis of clinical researcher shortage. Medicine and ecology. 2024;(3):121-128. https://doi.org/10.59598/ME-2305-6045-2024-112-3-121-128

Қараулар: 81


ISSN 2305-6045 (Print)
ISSN 2305-6053 (Online)