Preview

Медицина және экология

Кеңейтілген іздеу

БАКАЛАВРИАТ, ИНТЕРНАТУРА ЖӘНЕРЕЗИДЕНТУРАДАҒЫ КЛИНИКАЛЫҚ ОҚУДЫҢ ТИІМДІЛІГІНБАҒАЛАУ

Толық мәтін:

Аннотация

Зерттеу мақсаты: «Клиникалық оқудың тиімділігінің құралы» (CTEI) сауалнамасының көмегімен әр түрлі деңгейде білім алушылардың сауалнама нәтижесі арқылы клиникалық оқытудың тиімділігін бағалау. Мәліметтер мен тәсілдері: сауалнама 78 студент, 48 интерн және 16 резидентке жүргізілді. Статистикалық өңдеу SPSS Statistics 20 бағдарламасының көмегі арқылы жүзеге асырылды. Нәтижесі және талқылау: сауалнаманың 47,4% тармағында медиана 4 баллдан жоғары, сауалнаманың барлық тармақтарында медиана 3 баллдан асты. Білім алушылар ең жоғары баллды оқытуда тәжірибелік нұсқаулық, ұсыныстар, хаттаманы қолдану тармағы деп белгілесе, ең төменгі баллды «Оқу менің қажеттілік-теріме (тәжірибеме, қызығушылығыма, құзіреттілігіме) қарай реттеледі» тармағында анықталды. Білім алушылардың қанағаттанарлық жауабының жоғары пайызы (2І,8%) «Тиісті түрде көмек көрсетудегі экономикалық қағидаларды оқыту» сұрағында анықталды. Нәтижесі: сауалнама нәтижесі бойынша клиникалық оқудың тиімділігін әр түрлі деңгейдегі білім алушылар қанағаттанарлық деп бағалады. Тұрақты жүргізілетін кері байланыс білім алушылардың көзқарасы мен қажеттіліктерін ескере отырып білім алу үдерісін жоспарлауға және сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Қорытынды: 1) сауалнаманың 47,5 % тармағы клиникалық оқудың тиімділігін бағалауда оң нәтиже көрсетті; 2) әр түрлі деңгейдегі білім алу саласындағы салыстырмалы талдау клиникалық оқудың жоғарғы нәтижесін резидентурада екенін көрсетті.

Авторлар туралы

Л. Г. Тургунова
Қарағанды мемлекеттік медицина университет
Қазақстан


Е. М. Ларюшина
Қарағанды мемлекеттік медицина университет
Қазақстан


Е. М. Тургунов
Қарағанды мемлекеттік медицина университет
Қазақстан


С. Т. Тулеутаева
Қарағанды мемлекеттік медицина университет
Қазақстан


И. Л. Копобаева
Қарағанды мемлекеттік медицина университет
Қазақстан


А. Р. Алина
Қарағанды мемлекеттік медицина университет
Қазақстан


Әдебиет тізімі

1. Copeland H. L. Developing and testing an instrument to measure the effectiveness of clinical teaching at an academic medical center / H. L. Copeland, M. G. Hewson //Academic Medicine - 2000. - V. 75 (2). - Р. 161-166.

2. Shva Irby D. M. Teaching when time is limited /D. M. Shva Irby, L. Wilkerson //BMJ. -2008. - V. 336 (7640). - P. 384-387.

3. William E. Effective Clinical Education: Strategies for Teaching Medical Students and Residents in the Office /E. William, Jr. Cayley // WMJ. - 2011. - V.110, №4. - Р. 178-181.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Тургунова Л.Г., Ларюшина Е.М., Тургунов Е.М., Тулеутаева С.Т., Копобаева И.Л., Алина А.Р. БАКАЛАВРИАТ, ИНТЕРНАТУРА ЖӘНЕРЕЗИДЕНТУРАДАҒЫ КЛИНИКАЛЫҚ ОҚУДЫҢ ТИІМДІЛІГІНБАҒАЛАУ. Медицина және экология. 2018;(2):135-138.

For citation:


Turgunova L.G., Laryushina Ye.M., Turgunov Ye.M., Tuleutayeva S.T., Kopobayeva I.L., Alina A.R. EVALUATION OF CLINICAL EDUCATION EFFICACY AT BACHELOR'S PROGRAMME, INTERNSHIP AND RESIDENCY. Medicine and ecology. 2018;(2):135-138. (In Russ.)

Қараулар: 218


ISSN 2305-6045 (Print)
ISSN 2305-6053 (Online)