Preview

Медицина және экология

Кеңейтілген іздеу

Алдын алуға болатын өлімжітімді есептеу әдістемесін білім беру процесіне енгізу мүмкіндіктері

https://doi.org/10.59598/ME-2305-6045-2023-106-1-62-67

Толық мәтін:

Аннотация

Жұмыстың мақсаты. Жатыр мойны обырынан алдын алуға болатын өлім-жітім көрсеткіштерін анықтау мысалында оқу процесіне алдын алуға болатын өлім-жітімді есептеу әдістемесін енгізуді қарастыру.
Материалдар мен әдістер. Деректер экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) елдерінің сарапшылары әзірлеген критерийлер мен индикаторлар негізінде қалыптастырылды. ЭЫДҰ елдерімен және басқада елдердегі онкологиялық аурулар себебі бойынша алдын алуға болатын өлімжітім көрсеткіштеріне салыстырмалы талдау жүргізілді. 2015-2021 жылдар аралығындағы статистикалық деректер Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросынан алынды (https://stat.gov.kz).
Tалқылау. Денсаулық сақтау жүйелерінің тиімділігін бағалау ЭЫДҰ және ЕО (Еуропалық Одақ) елдерінде маңызға ие болуда. Алдын алуға болатын өлім-жітім көрсеткіштері алдын алу және емдеуге болатын өлім себептерінен мезгілсіз өлімнің алдын алуда қоғамдық денсаулық сақтау мен денсаулық сақтау саясатының тиімділігін бағалаудың бастапқы нүктесі болып табылады. Алдын алуға болатын өлім – жітімді есептеу бойынша дағдыларды игеру және білім беру бағдарламасын игеру шеңберінде алдын алуға болатын өлім-жітім көрсеткіштерін есептеу нәтижелерін түсіндіру (даярлау бағыттары-Денсаулық сақтаудағы менеджмент, MBA, EMBA, Жаһандық денсаулық және денсаулық сақтау) болашақ мамандарға практикалық қызметте, атап айтқанда Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігі индикаторларын ЭЫДҰ елдерімен салыстырмалы бағалауды жүргізу кезінде қажет. Әр түрлі елдерде жүргізілетін Денсаулық саласындағы денсаулық сақтау жүйесінің тиімді қызметі аурулардың таралуы мен бақылауына үлкен әсер етеді. Мысалы, 2015-2021 жылдар аралығында Қазақстанның бірқатар өңірлерінде (Ақмола облысы, Жамбыл облысы, Шымкент қаласы, Түркістан облысы) жатыр мойны обырынан алдын алуға болатын өлім-жітім деңгейінің төмендеуі, өңірлерде іске асырылатын профилактикалық іс-шаралардың тиімділігін дәлелдейді. Сонымен қатар, Қазақстанның бірнеше өңірлерінде (БҚО, Қызылорда облысы, Маңғыстау облысы, Павлодар облысы, Қостанай облысы, ШҚО) жатыр мойны обырынан алдын алуға болатын өлім-жітім көрсеткіші өскен, бұл бастапқы және қайталама профилактика мен емдеу деңгейінде іс-шараларды күшейту қажеттілігі дәлелдейді. Осылайша, алдын алуға болатын өлім-жітім көрсеткіштерінің өңірлік бірыңғай еместігін айқындау және зерделеу әйелдер халқының денсаулығын сақтау жөніндегі іске асырылып жатқан стратегиялардың әлсіз және күшті жақтарын айқындауға мүмкіндік береді.
Нәтижелер. Алдын алуға болатын өлімді есептеу әдістемесі тұрақты дамудың үшінші мақсатына (ТДМ) жетудің негізгі элементі болып табылады. Денсаулық сақтаудағы менеджмент, MBA, EMBA және Жаһандық денсаулық және денсаулық сақтау білім беру бағдарламаларының болашақ магистрлері алдын алуға болатын өлімді есептеу әдістемесін меңгеруі, сондай-ақ алдын алу және емделетін өлімжітімнің тұжырымдамалары мен ұғымдарын нақты түсінуі қажет, бұл оларға болашақта іске асырылатын бағдарламаларды уақтылы бағалауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді және алдын алуға болатын өлімді азайту бойынша шешуші және дәлірек, тиімді шаралар қабылдауға ықпал етеді.
Қорытынды. Алдын алуға болатын өлім-жітімді есептеу әдістемесін магистратураның білім беру бағдарламасына енгізу нәтижесінде білім алушыларға алдын алуға болатын өлім-жітім ұғымдарымен байланысты жаңа термионологияны меңгеруге, алдын алуға болатын өлім-жітім көрсеткіштерін есептеу дағдыларын игеруге, сондай-ақ, негізінен қоғамдық денсаулық сақтаудың және алғашқы профилактика ның тиімді шараларының көмегімен алдын алуға болатын өлім-жітім себептеріне, сондай-ақ өлім-жітім себептеріне салыстырмалы талдау жүргізуге мүмкіндік беріледі, оларды уақтылы және тиімді денсаулық сақтау шараларымен емдеуге болады, соның ішінде қайталама профилактика және емдеу (яғни, ауру басталғаннан кейін, өлімді азайту үшін).

Авторлар туралы

А. М. Имаматдинова
КЕАҚ «С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті»
Қазақстан

Азиза Махмудқызы Имаматдинова – медицина  ғылымдарының магистрі, «Денсаулық сақтау саясаты  және менеджмент» кафедрасының ассистенті

Алматы қ.



К. А. Толганбаева
КЕАҚ «С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті»
Қазақстан

Алматы қ.



Л. К. Кошербаева
КЕАҚ «С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті»
Қазақстан

Алматы қ.



Әдебиет тізімі

1. Cancer mortality 1981-2016 and contribution of specific cancers to current socioeconomic inequalities in all cancer mortality: A populationbased study /D. Brown, D. I. Conway, A. D. McMahon et al. //Cancer Epidemiol. – 2021. – V. 74:102010.

2. Cancer survival in Thailand from 1997 to 2012: Assessing the impact of universal health coverage /K. Maláková, C. J. Cabasag, A. Bardot et al. //J. Cancer. Policy. – 2022. – V. 7:100353.

3. Disparities in Cancer-Related Avoidable Mortality by the Level of Area Deprivation in South Korea /W. Kim, S. Jang, G. Lee, Y. J. Chang //Int. J. Environ. Res. Public Health. – 2021. – V. 25, №18 (15). – P. 7856.

4. Estimates of future cancer mortality attributable to modifiable risk factors in Canada /J. Pader, Y. Ruan, A. E. Poirier et al. //Can. J. Public Health. – 2021. – V. 112 (6). – P. 1069-1082.

5. Global Cancer Statistics 2020: GLOBOCAN Estimates of Incidence and Mortality Worldwide for 36 Cancers in 185 Countries /H. Sung, J. Ferlay, R. L. Siegel et al. //CA Cancer J. Clin. – 2021. – V. 71(3). – P. 209-249.

6. Group FTGCSW. Estimation of the Potentially Avoidable Excess Deaths Associated with Socioeconomic Inequalities in Cancer Survival in Germany /L. Jansen, J. Kanbach, I. Finke et al. // Cancers (Basel). – 2021. – V. 19, №13 (2). – P. 357.

7. How many cancer cases and deaths are potentially preventable? Estimates for Australia in 2013 /L. F. Wilson, A. Antonsson, A. C. Green et al. //Int. J. Cancer. – 2018. – V. 15, №142(4). – P. 691-701.

8. The Devil Is in the Data: Can Regional Variation in Amenable Mortality Help to Understand Changes in Health System Performance in Poland? /A. Sagan, M. Karanikolos, M. Gał˛azka-Sobotka // Int. J. Environ. Res. Public Health. – 2022. – V. 19. – P. 4129.

9. Westerman R. Avoidable Cancer Mortality in Germany Since Reunification: Regional Variation and Sex Differences. /R. Westerman, M. Mühlichen


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Имаматдинова А.М., Толганбаева К.А., Кошербаева Л.К. Алдын алуға болатын өлімжітімді есептеу әдістемесін білім беру процесіне енгізу мүмкіндіктері. Медицина және экология. 2023;(1):62-67. https://doi.org/10.59598/ME-2305-6045-2023-106-1-62-67

For citation:


Imamatdinova A.M., Tolganbayeva K.A., Kosherbayeva L.K. The possibilities of implementing the methodology for calculating preventable mortality in the educational process. Medicine and ecology. 2023;(1):62-67. (In Kazakh) https://doi.org/10.59598/ME-2305-6045-2023-106-1-62-67

Қараулар: 337


ISSN 2305-6045 (Print)
ISSN 2305-6053 (Online)