Preview

Медицина және экология

Кеңейтілген іздеу

Балалардағы Лайелл синдромын емдеудегі біздің заманауи тәжірибеміз

Толық мәтін:

Аннотация

Лайелл синдромы – бұл аллергиялық табиғаттың ауыр полиэтиологиялық ауруы, ол емделушінің жалпы жағдайының жіті бұзылуымен, барлық тері мен шырышты қабатының буллезді зақымдануымен сипатталады.
Ол өзінің негізгі атауын 1956 жылы алғаш рет токсикодермияның ауыр түрі ретінде сипаттаған дәрігер Лайеллдің құрметіне алды. Бұл синдром кейінгі жылдары халықтың барлық жастағы топтары арасында өсу үрдісіне ие (соның ішінде емшек еметін сәбилер), халықтың барлық жастағы топтары арасында химия терапиясының кеңінен тарауына байланысты болып отыр.
Лайелл синдромы дамуының ең жиі кездесетін себептері сульфаниламидтер, антибиотиктер (әсіресе пенициллин, стрептомицин және тетрациклиндер), салицил қышқылының, пиразолон туындылары, барбитураттар, дизентериялық бактериофаг, сіреспеге қарсы сарысу болып табылады. Әсіресе түрлі дәрі-дәрмектердің қоспасынан, әдетте антибиотиктерден, сульфаниламидтерден, қабынуға қарсы, антипирексикалық препараттардан тұратын “терапевтік коктейлдерді” пайдалану өте қауіпті.
Лайелл синдромы сирек кездесетін ауруға жатады. Кез-келген жаста, көбінесе 20-40 жастағы адамдарда, сирегірек балаларда өмірінің алғашқы үш жылы ішінде кездеседі. Лайелл синдромы жалпы жиілігі 1 млн халыққа 0,4 тен 1,2 жағдайға дейін болып тұрады, дәрі-дәрмектік аллергия жағдайларының 0,3%-да кездеседі. Әртүрлі деректер бойынша Лайелл синдромындағы өлім-жітім 30%-дан 70%-ға дейін құрайды, өйткені Лайелл синдромы ауыр өтуінен сырқаттардың 30—50% -ында ауырғаннан бастап 5—30 күн ішінде өліп кету қаупі туындайды. Аурудың маусымдық көтерілуі қысты күні және ерте көктемде тіркеледі. Аурудың беті қайтқанда қайталап ауыруы да мүмкін. Әдебиетте осы тақырыпқа арналған және емдеудің заманауи әдістеріне арналған жарияланымдар аз.
Аурудың болжамы оның ағымының сипатымен анықталады. Осыған байланысты Лайелл синдромы ағымының 3 нұсқасы бөлінеді: жедел түрде өліммен аяқталған, жедел инфекциялық процестің қосылуы кезінде өліммен аяқталған және әдетте 7-10 күннен кейін қолайлы емделген болып. Емдеу шараларының ерте басталуы және оларды мұқият жүргізу аурудың болжамын жақсартады. Бұл синдром медицинадағы өзекті тақырыптардың бірі болып табылады, патогенездік тұрғыда аутоиммундық, аутоаллергиялық ауру ретінде қаралады.

Авторлар туралы

Э. Х. Шазимов
Қарағанды медицина университеті
Қазақстан

Қарағанды



Б. К. Досмаханов
Қарағанды медицина университеті
Қазақстан

Байканур Досмаханов – ҚМУ «Анестезиология және реаниматология, соның ішінде балалар» мамандығының резиденттері

Қарағанды



Т. А. Худайбергенов
Қарағанды медицина университеті
Қазақстан

Қарағанды



Ш. А. Кавланов
Қарағанды медицина университеті
Қазақстан

Қарағанды



Б. Н. Төлемісова
Облыстық клиникалық аурухана
Қазақстан

Қарағанды



Әдебиет тізімі

1. Анестезиология и интенсивная терапия: Практическое руководство / ред. Гельфанд Б. Р. - М. : Литтерра, 2006. - 576 с.

2. Анестезиология : пер. с нем. / ред. Райнер Шефер . - М. : ГЭОТАР-Медиа, 2009.

3. Гельфанд Б. Р. Интенсивная терапия. Национальное руководство 1-2 том. ГЗТОАР. 2009.

4. Гордеев В. И. Педиатрическая анестезиология-реаниматология : Частные разделы / Гордеев В.И., Александрович Ю.С. - СПб. : СПб мед.изд., 2004. - 409 с.

5. Жерносек В. Ф., Т. П. Дюбкова. Синдром Стивенса—Джонсона — токсический эпидермальный некролиз у детей. Белорусская медицинская академия последипломного образования, Белорусский государственный университет. Журнал «Медицинские новости» №14, 2007.

6. Синдром Лайелла как редкое осложнение медикаментозной терапии (клинические случаи)/ Тезяева С. А., Млинник Р. А., Дегтярева С. Ф., Вагапова Т. В, Никольский В. О.// МедиАл. - 2015 - №2 (16).

7. Тоғайбаев А.А. Реаниматология және қарқынды емдеу : Оқу құралы / Тоғайбаев А. А., Мұратханов Е. Ж. - Алматы : Асем-систем, 2003. - 496 б.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Шазимов Э.Х., Досмаханов Б.К., Худайбергенов Т.А., Кавланов Ш.А., Төлемісова Б.Н. Балалардағы Лайелл синдромын емдеудегі біздің заманауи тәжірибеміз. Медицина және экология. 2021;(4):40-44.

For citation:


Shazimov E.Kh., Dosmakhanov B.K., Khudaibergenov T.A., Kavlanov Sh.A., Tolemisova B.N. Modern experience of treating Lyell's syndrome in children. Medicine and ecology. 2021;(4):40-44. (In Kazakh)

Қараулар: 306


ISSN 2305-6045 (Print)
ISSN 2305-6053 (Online)