Preview

Медицина және экология

Кеңейтілген іздеу

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ АУМАҒЫНДАҒЫ СУИЦИД ДИНАМИКАСЫ

Толық мәтін:

Аннотация

Мақсаты: Қарағанды облысында халықтың суицидтік белсенділігіне, суицид әдістерінің таралуындағы өзгерістерге талдау жүргізу, суицидтердің динамикасына, құрылымына және әлеуметтік ерекшеліктеріне талдау жүргізу. Материалдар және әдістер. Қарағанды облысында өз-өзіне қол жұмсау салдарынан болатын өлім-жітім көрсеткіштерін талдау. Нәтижелер және талқылау: мониторинг деректері 2016 жылдан бастап 2020 жылға дейінгі кезеңде суицид деңгейінің төмендеу динамикасын анықтауға мүмкіндік берді. Суицид жиілігінде, тенденцияларында және әдістерінде айтарлықтай айырмашылықтар анықталды. Ерлер мен әйелдер арасында типтік айырмашылықтар анықталды (әйелдер арасында өзін-өзі өлтіру әрекеттері және ер адамдар арасында аяқталған суицидтің басым болуы болуы). Суицид әдістері ер адамдар өзіне-өзі зиян келтірудің агрессивті әдістерін қолданатындығын көрсетеді. Еңбекке қабілетті жастағы ер адамдар арасында суицидтің өсуі байқалды. Оқ жарақаттары, улану, биіктіктен секіру және суға бату салдарынан суицидтер саны азайды, бірақ ерлерде де, әйелдерде де асып өлтіру жағдайлары көбейді. Қорытынды: көрсетілген аумақта тұратын халықтың суицидтік мінез-құлқы өңір ауқымында әрекет ететін ішкі және сыртқы факторлардың өзгеруіне байланысты өзгереді. Қарағанды облысында суицид деңгейін төмендету бойынша тиімді шаралар халықтың түрлі жас топтарын қамтитын арнайы алдын алу бағдарламаларын енгізуді талап етеді. Тұжырымдамалар: Қарағанды облысының аумағында өзіне-өзі қол жұмсау саны жалпы төмендеуде. Ерлер мен әйелдердің суицид әдісін таңдаудағы шешуші факторлар-бұл әдістің қол жетімділігі, танымалдығы және әлеуметтік қолайлылығы. Өзіне-өзі қол жұмсаудың өлімге әкелетін әдістерінің қол жетімділігін шектеу жөніндегі алдын алу шаралары туралы мәселені қараған жөн.

Авторлар туралы

С. Ә. Әділбек
Қарағанды медицина университеті
Қазақстан


С. А. Мусабекова
Қарағанды медицина университеті
Қазақстан


Әдебиет тізімі

1. Всемирная организация здравоохранения, 2018 г. Самоубийство https://www.who.int/news-room/fact-sheets/detail/suicide [доступ 12 марта 2019 г.].

2. Зотов П. Б. Регистрация и учет суицидального поведения //Суицидология. - 2018. - Т. 9. - №2 (31). - С. 64-68.

3. Зотов П. Б. Способы завершенных суицидов: сравнительный аспект //Сибирский вестник психиатрии и наркологии. - 2018. - Т.3. - №100. - С. 62.

4. Зотов П. Б. Суицид: хронобиологические аспекты /П. Б. Зотов, Е. Б. Любов, В. А. Шидин //Хрономед. журн. - 2020. - Т. 22. - №.1. - С. 49-55.

5. Источник из интернета: Комитет по статистике МНЭ РК. https://informburo.kz/stati/glavnaya/

6. Мусабекова С. А. Адамның сот-медициналық сәйкестендіруінде шашты талдаудың рөлі //Медицина и экология. - 2020. - №4. - С. 98-106.

7. Положий Б. С. Суицидальная ситуация в современной России //Психическое здоровье человека и общества. Актуальные междисциплинарные проблемы. - 2018. - №4. - С. 567-574.

8. Уманский М. С. Суицидальные попытки: соотношение мужчин и женщин /М. С. Уманский, Е. П. Зотова //Девиантология. - 2018. - Т. 2, №1. - С. 30-35.

9. Buron P. Reasons for Attempted Suicide in Europe: Prevalence, Associated Factors, and Risk of Repetition /P. Buron, L. Jimenez-Trevino, P. A. Saiz //Arch. Suicide. Res. - 2016. - №20 (1). - P. 45-58.

10. Chen Y. Y. Female labour force participation and suicide rates in the world /Y. Y. Chen, M. Chen, C. S. M. Lui //Soc. Sci. Med. - 2017. - V. 195. - P. 61-67.

11. Fjeldsted R. Suicide in Relation to the Experience of Stressful Life Events: A Population-Based Study /R. Fjeldsted, T. W. Teasdale, M. Jensen //Archives of Suicide Research. - 2017. -V. 21 (4). - P. 544-555.

12. Holman M. S. Suicide Risk and Protective Factors: A Network Approach /M. S. Holman, M. N. Williams //Archives of Suicide Research. - 2020. - V. 4. - С. 1-18.

13. Kavak G. Evaluation of suicide attempt by using medicines and chemicals /G. Kavak, M. Aydin, K. Altinbas //European Neuropsychopharmacology. - 2019. - V. 29 (1). - P. 333.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Әділбек С.Ә., Мусабекова С.А. ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ АУМАҒЫНДАҒЫ СУИЦИД ДИНАМИКАСЫ. Медицина және экология. 2021;(2):40-48.

For citation:


Adilbek S.A., Musabekova S.A. SUICIDAL DYNAMICS IN THE TERRITORY OF THE KARAGANDA REGION. Medicine and ecology. 2021;(2):40-48. (In Russ.)

Қараулар: 222


ISSN 2305-6045 (Print)
ISSN 2305-6053 (Online)