Preview

Медицина және экология

Кеңейтілген іздеу

Кесар тілігі отасынан кейін жатырдағы тыртықтың тұрақсыздығы кезіндегі метропластиканы қолдану тәжірибесі

https://doi.org/10.59598/ME-2305-6053-2026-118-1-120-124

Толық мәтін:

Аңдатпа

Өзектілігі. Кесар тілігі – әлемдегі ең кең таралған хирургиялық араласулардың бірі. Соңғы 15 жылда кесар тілігінің жалпы деңгейі екі есеге артып 21%-ға жетті және жыл сайын 4%-ға өсуде. 2000 жылдан 2015 жылға дейін абдоминалды босандырудың қарқыны барлық аймақтарда артты, оның ішінде ең жоғары көрсеткіш Латын Америкасы мен Кариб бассейнінде (44,3%) тіркелді, ал ең төменгі көрсеткіш Африкада (4,1%) болды. Қазақстан Республикасында соңғы жылдары ана мен перинаталдық өлім көрсеткіштерінің төмендеуі байқалғанымен, абдоминалды босандыру жиілігі тұрақты түрде артып келеді. 1990 жылдан 2018 жылға дейін кесар тілігі отасының жиілігі 4,6%-дан 23,5%-ға дейін өсті.

Зерттеудің мақсаты. Жатырдағы тігістердің жетіспеушілігі кезінде метропластика тиімділігін бағалау және әйелдердің репродуктивтік қызметін сақтау.

Материалдар және әдістер. Зерттеу 2020 жылғы қаңтардан 2023 жылғы сәуірге дейінгі аралықта кесарь тілігі жасалған 13 пациенттің емдеу нәтижелерін қамтиды. Отадан кейінгі кезеңде бұл пациенттерде эндометрит, акушерлік перитонит және жатыр тігістерінің жетіспеушілігі дамыды.

Нәтижелер және талқылау. Барлық пациенттер репродуктивті жаста болды. Ұзақ мерзімді нәтижелерді бақылау бойынша, метропластикадан кейін бір әйелде 2 жылдан кейін жүктілік пайда болды. Жүктілік асқынусыз өтіп, пациент босанды.

Авторлар туралы

И. Т. Кусеинов
«Облыстық клиникалық аурухана» ШЖҚ МКК Гинекология бөлімшесі
Қазақстан

160000, Шымкент қ., Майлы Қожа к-сі, 4



Р. Т. Тлеужан
«Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ
Қазақстан

160019, Шымкент қ., Әл-Фараби алаңы



Г. У. Акбердиева
«Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ
Қазақстан

160019, Шымкент қ., Әл-Фараби алаңы



Н. Н. Ахметова
«Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ
Қазақстан

160019, Шымкент қ., Әл-Фараби алаңы



С. У. Мамырбекова
«Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ
Қазақстан

160019, Шымкент қ., Әл-Фараби алаңы



И. С. Саркулова
Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
Қазақстан

Ирода Сабиржановна Саркулова

160019, Шымкент қ., А. Байтұрсынов к-сі, 7/7;



Әдебиет тізімі

1. Akylzhanova Zh.E., Tanysheva G.A., Gassanova E.Z., Bilyalova G.T., Nurmagambetova D.M., Akhmetova A.B., Suleimenova A.S., Ulan S.M., Nurmakhan N.S. using the Robson classification to estimate the caesarean section rate and look for ways to reduce it. Наука и здравоохранение. 2024. 26 (5): 121-128. https://doi.org/10.34689/SH.2024.26.5.016

2. Макеев О.А., Григорян С.Р., Червякова И.Ф. Несостоятельность рубца на матке после кесарева сечения: современные подходы к диагностике и лечению. Акушерство и гинекология. 2021; 4: 45- 53. https://doi.org/10.18565/aig.2021.4.45-53

3. Сидорова И.С., Бабаянц Е.В., Костина Т.В. Ведение беременных с несостоятельностью рубца на матке после кесарева сечения. Российский вестник акушера-гинеколога. 2020; 20 (3): 14-19. https://doi.org/10.17116/rosakush20202003114

4. Мирзоян Э.Г., Кузнецова И.В., Соловьева Н.А. Метропластика при несостоятельности рубца на матке: тактика ведения пациенток и результаты лечения. Гинекология. 2022; 24 (1): 29-35. https://doi.org/10.26442/207956292024129

5. Малхазов Г.Р. Опыт применения метро- пластики несостоятельности рубца на матке для пролонгирования беременности (клинический случай). Неделя молодежной науки. 2023; 2023: 46-46. 6. Савина Л.В. Пролонгирование бере- менности при расползании рубца на матке после кесарева сечения. Акушерство и гинекология. 2022; 3: 148-154.

6. Краснопольская К.В. Прегравидарная метропластика по поводу несостоятельного рубца на матке после кесарева сечения: влияние на естественную фертильность и результаты ЭКО. Проблемы репродукции. 2015; 21 (3): 56-62.

7. Сафронов О.В., Сафронова Л.Е., Ищенко Л.С., Сафронов О.В. Гистероскопическая метропластика: современное состояние проб- лемы. Уральский медицинский журнал. 2019; 2: 47-53. https://doi.org/10.25694/URMJ.2019.02.26


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Кусеинов И.Т., Тлеужан Р.Т., Акбердиева Г.У., Ахметова Н.Н., Мамырбекова С.У., Саркулова И.С. Кесар тілігі отасынан кейін жатырдағы тыртықтың тұрақсыздығы кезіндегі метропластиканы қолдану тәжірибесі. Медицина және экология. 2026;(1):120-124. https://doi.org/10.59598/ME-2305-6053-2026-118-1-120-124

For citation:


Kuseinov I.T., Tleuzhan R.T., Akberdieva G.U., Akhmetova N.N., Mamyrbekova S.U., Sarkulova I.S. The experience of using metroplasty at uterine scar failure after cesarean section. Medicine and ecology. 2026;(1):120-124. (In Kazakh) https://doi.org/10.59598/ME-2305-6053-2026-118-1-120-124

Қараулар: 6

JATS XML


ISSN 2305-6045 (Print)
ISSN 2305-6053 (Online)