Preview

Медицина және экология

Кеңейтілген іздеу

Балалардағы эндокриндік ауруларда бүйректің зақымдануы

Толық мәтін:

Аннотация

Семіздік, ҚД, метаболикалық синдромы бар балалардағы бүйректің зақымдану мәселесінің өзектілігі метаболикалық бұзылулармен байланысты нефропатия жиілігінің жоғарылауына, олардың прогрессивті ағымына бейімділігіне және ерте диагностикасын оңтайландыру қажеттілігіне байланысты. Зерттеудің мақсаты эндокриндік патологиясы бар балалардағы бүйрек зақымдану клиникасын анықтау болды.
DamuMed кешенді медициналық ақпараттық жүйесінде бастапқы медициналық құжаттамаға талдау және эндокриндік патологиядан зардап шегетін балаларды клиникалық-параклиникалық тексеру жүргізілді: 1 типті қант диабеті, семіздік, 3 жастан 17 жасқа дейінгі 2018-2021 жылдар кезеңі. Пациенттердің келесі топтарға бөлінді: бүйрек зақымдану белгілері жоқ балалар (62 бала) және бүйрек зақымдану белгілері бар балалар (75 бала).1 типті қант диабеті бар балалардағы зәр шығару жүйесінің инфекциясын зерттеу кезінде негізгі топта бактериурия 32±2,47%, бақылау тобымен салыстырғанда – 19±4,45%, р≤0,01 жиі кездеседі.
Біз 1 типті қант диабетімен ауыратын 3 жастан 18 жасқа дейінгі 75 баланы микроальбуминурияға тексердік. Микроальбуминурия 34 балада анықталды, бұл 51,6% құрады. Семіздікпен ауыратын балаларда 93% (n = 27) жағдайда асқынулар анықталды: бүйрек зақымдануының болжаушылары болып табылатын артериялық гипертензия (80%, N = 24) және дислипидемия (27%, n = 8). Балалардағы бүйрек зақымдануының пайда болу және өршу қаупі семіздік дәрежесімен (дене салмағының индексінің жоғарылауымен) артады.

Авторлар туралы

С. Б. Дюсенова
Қарағанды медицина университетінің
Қазақстан

педиатрия және неонатология кафедрасы

Қарағанды



Г. Г. Еремичева
Қарағанды медицина университетінің
Қазақстан

педиатрия және неонатология кафедрасы

Қарағанды



Г. А. Сарманкулова
Қарағанды медицина университетінің
Қазақстан

педиатрия және неонатология кафедрасы

Қарағанды



К. С. Тлегенова
Қарағанды медицина университетінің
Қазақстан

педиатрия және неонатология кафедрасы

Қарағанды



М. М. Сабиева
Қарағанды медицина университетінің
Қазақстан

педиатрия және неонатология кафедрасы

Қарағанды



Әдебиет тізімі

1. Вялкова А. А., Гордиенко Л. М., Кулагина Е. П. Тубулоинтерстициальная болезнь почек у детей, ассоциированная с висцеральным ожирением // Российский вестник перинатологии и педиатрии. 2015. № 4. С. 201.

2. Вялкова А. А., Савельева Е. В., Гриценко В. А. и др. Диагностика патологии почек у детей с сахарным диабетом 1 типа. Диагностика патологии почек у детей при сахарном диабете 1 типа. Информационно-методическое письмо под общей редакцией д.м.н., проф. А. А. Вялковой. 2013. С. 11.

3. Pecoraro С. Prevention of Chronic kidney disease (CKD) in children // Italian Journal of Pediatrics. 2015. № 41 (Suppl. 2): р. 56.

4. Кутырина И. М., Краснова Е. А., Федорова Е. В., Фомин В. В. Поражение почек при ожирении: клинические, патогенетические и терапевтические аспекты // Врач. 2005. № 6. С. 6–9.

5. Вялкова А. А., Ушакова Ю. В., Кулагина Е. П. и др. К вопросу ранней диагностики диабетической нефропатии у детей // Нефрология и диализ. 2010. Т. II, № 2. С. 358–365.

6. Ninichuk V., Kulkarni O., Clauss S. Tubular atrophy, interstitial fibrosis and inflammation in type 2 diabetic db/db mice. An accelerated model of advanced diabetic nephropathy // European journal of medical research. 2007. 12 (8). Р. 351–355.

7. Sugomoto H., Grahovae G., Zeisberg M. et al. Renal fibrosis and glomerulosclerosis in a new mouse model of diabetic nephropathy and its regression by bone morphogenic protein-7 and advanced glycation end product inhibitors // Diabetes. 2007. 56. Р. 1825–1833.

8. Вялкова А. А., Лебедева Е. Н., Красиков С. И. и др. Клинико-патогенетические аспекты повреждения почек при ожирении (обзор литературы) // Нефрология. 2014. Т. 18, № 3. С. 24–33.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Дюсенова С.Б., Еремичева Г.Г., Сарманкулова Г.А., Тлегенова К.С., Сабиева М.М. Балалардағы эндокриндік ауруларда бүйректің зақымдануы. Медицина және экология. 2022;(1):39-44.

For citation:


Dyussenova S.B., Yeryomicheva G.G., Sarmankulova G.A., Tlegenova K.C., Sabiyeva M.M. Kidney damage in endocrine diseases in children. Medicine and ecology. 2022;(1):39-44. (In Kazakh)

Қараулар: 312


ISSN 2305-6045 (Print)
ISSN 2305-6053 (Online)