Preview

Медицина және экология

Кеңейтілген іздеу

Генетикалық ақпаратты ұрлау мәселесін және оның ықтимал салдарын зерттеу

https://doi.org/10.59598/ME-2305-6053-2025-117-4-162-170

Толық мәтін:

Аңдатпа

Зерттеу мақсаты. ДНҚ-идентификациясының және генетикалық ақпаратты ұрлаудың құқықтық және этикалық аспектілерін қарастыру, Торайғыров университеті студенттерінің генетикалық ақпаратты ұрлаудың ықтимал қауіптері туралы пікірлерін зерттеу.

Материалдар және әдістер. Зерттеу үшін сауалнама құрастырылды. Бұл сауалнама тақырыпқа қатысты студенттердің хабардарлығы мен пікірлерін зерттеу үшін жүргізілді. Міндеттерге ДНҚ сәйкестендіру әдістері туралы білім деңгейін анықтау, қаскүнемдердің генетикалық ақпаратты ұрлау немесе теріс пайдалану туралы қорқыныш пен алаңдаушылығын бағалау, генетикалық құпиялылықты қорғау шаралары мен заңнамаға қатысты қоғамдық пікірді түсіну кіреді. Бұл сұрақтар респонденттердің генетикалық концепциялар туралы білімі мен түсінігін ғана емес, сонымен қатар олардың жеке өмірге қол сұғылмаушылық, этика және генетикалық ақпаратты пайдалануды реттеу мәселелеріне қатынасын анықтауға көмектесті. «ДНҚ идентификациясы және генетикалық ақпаратты ұрлау» тақырыбындағы сауалнамаға 103 респондент қатысты. Олардың ішінде 96 % студенттер, ал қалған 4% Торайғыров университетінің бітірушілері, яғни қазіргі кезде қаланың түрлі мекемелерінде жұмыс істейтін қызметкерлер.

Нәтижелер және талқылау. Нәтижелер, біріншіден, ДНҚ ұрлығының ықтимал қауіптері туралы хабардарлықтың жоғары деңгейі бар, бұл қоғамда бұл мәселенің өзектілігін көрсетеді. Екіншіден, респонденттердің жартысы өздерінің генетикалық ақпаратын теріс пайдалану мүмкіндігіне алаңдаушылық білдірді және олардың жеке өмірін қорғау үшін қатаң қауіпсіздік шараларын енгізуді қолдады. Үшінші нәтиже респонденттердің көпшілігі жеке ақпаратты қорғау және ДНҚ үлгілерін сақтаудың қауіпсіз әдістерін пайдалану сияқты сақтық шараларын қабылдауға дайын екендіктерін білдірді.

Қорытынды. Нәтижелер генетикалық ақпаратты пайдалану және ДНҚ үлгілерін жинаудың жеке ақпаратты қорғау үшін тиімді саясат пен заңнаманы әзірлеу қажеттілігін көрсетеді.

Авторлар туралы

А. К. Шарипова
«Торайгыров университеті» КеАҚ
Ресей

биология және экология кафедрасы

140000, Павлодар қ., Ломов к-сі, 64



Н. Ж. Акимбекова
«Торайгыров университеті» КеАҚ
Ресей

Акимбекова Назымгуль Женисовна - биология және экология кафедрасы 

140000, Павлодар қ., Ломов к-сі, 64



Әдебиет тізімі

1. Joh E.E. DNA Theft: Recognizing the Crime of Nonconsensual Genetic Collection and Testing. Boston University Law Review. 2011; 91: 671-701.

2. Helmore E. Genetic testing firm 23andMe admits hackers accessed DNA data of 7m users // https://www.theguardian.com/technology/2023/dec/05/23andme-hack-data-breach

3. Nicolle K.S. Shedding Privacy Along with our Genetic Material: What Constitutes Adequate Legal Protection against Surreptitious Genetic Testing? AMA J. Ethics. 2016; 18 (3): 264-271. https://doi.org/10.1001/journalofethics.2016.18.3.pfor2-1603

4. Липкин С.М., Луома Дж. Время генома: Как генетические технологии меняют наш мир и что это значит для нас. М.; 2018: 298.

5. Krimsky S. DNA Data Banks, Criminal Investigations, and Civil Liberties. Columbia; 2011: 448. https://doi.org/10.1525/BIO.2011.61.10.18

6. Кубитович С. Н. ДНК как носитель информации неограниченного круга лиц. Вестник экономической безопасности. 2017; 4: 185-189.

7. Ajunwa I. Genetic testing meets Big Data: Tort and Contract Law issues. Ohio, State Law Journal. 2014; 75 (6): 1225-1261.

8. Семиходский А.Г. Криминалистические базы данных геномной информации: международный опыт и возможность его применения в Российской Федерации. Правосудие/Justice. 2021; 3 (1): 148-183. https://doi.org/10.37399/2686-9241.2021.1.148-183

9. Wallace H.M., Jackson A.R., Gruber J., Thibedeau A.D. Forensic DNA databases – Ethical and legal standards: A global review. Egypt J. Forensic. Sci. P. 2014; 4 (3): 57-63. https://doi.org/10.1016/j.ejfs.2014.04.002

10. Радостева Ю.В. Защита геномной информации в виртуальном пространстве. Российский юридический журнал. 2019; 3: 42-45. https://doi.org/10.17816/byusu20203116-121

11. Рассолов И.М., Чубукова С.Г., Микурова И.В. Биометрия в контексте персональных данных и генетической информации: правовые проблемы. Lex Russica. 2019; 1: 108-118.

12. Косилкин С.В. Правовые аспекты возможности коммерческого использования результатов генома человека. Международный правовой курьер. 2020; 3-4: 26-29. https://doi.org/10.17803/lexgen-2023-2-2-34-52

13. Поликарпова Б.А. Генная инженерия и права человека. Известия Южного федерального университета. 2001; 11: 197-199.

14. Локсовкина Е.К., Голышева П.Д. Правовое регулирование использования генетической информации в Евросоюзе. Международный правовой курьер. 2020: 3-4: 3034.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Шарипова А.К., Акимбекова Н.Ж. Генетикалық ақпаратты ұрлау мәселесін және оның ықтимал салдарын зерттеу. Медицина және экология. 2025;(4):162-170. https://doi.org/10.59598/ME-2305-6053-2025-117-4-162-170

For citation:


Sharipova А.К., Akimbekova N.Zh. Study on the theft of genetic information and possible consequences. Medicine and ecology. 2025;(4):162-170. https://doi.org/10.59598/ME-2305-6053-2025-117-4-162-170

Қараулар: 26

JATS XML


ISSN 2305-6045 (Print)
ISSN 2305-6053 (Online)