2010 – 2022 жылдар ҚР менингококк инфекциясымен сырқаттанушылықтың маусымдық ауытқуын талдау
https://doi.org/10.59598/ME-2305-6053-2025-117-4-96-104
Аңдатпа
Мақсаты. Қазақстан Республикасында 2010 – 2022 жылдар аралығында менингококк инфекциясымен сырқаттанушылықтың динамикасына ретроспективті талдау жүргізу және эпидемиялық үдерістің белсенділігіне әсер ететін факторларды анықтау.
Материалдар және әдістер. Эпидемиологиялық зерттеу ҚР ДСМ «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалының эпидемиология бөлімінен алынған №1 және №2 нысандағы есептік деректер негізінде жүргізілді. 2010 – 2022 жылдар аралығындағы сырқаттанушылық көрсеткіштеріне статистикалық өңдеу арқылы талдау жасалды.
Нәтижелер және талқылау. Соңғы жылдарда сырқаттанушылық көрсеткіші төмендегенімен, қоздырғыштың таралу жолдары, тасымалдану сипаты және серологиялық түрлерінің әртүрлілігі аурудың қайта өршу мүмкіндігін сақтап отыр. Зерттеу барысында сырқаттанушылықтың белгілі бір кезеңдерде жоғарылағаны және бұл жағдайдың аймақтық ерекшеліктер мен миграциялық ағындармен байланысы анықталды.
Қорытынды. Менингококк инфекциясының эпидемиологиялық үдерісін басқару үшін ретроспективті талдаулардың маңызы зор. Алынған деректер алдын алу шараларын жетілдіруге және инфекцияның таралу қаупін төмендетуге мүмкіндік береді.
Авторлар туралы
Н. Б. БайсыновҚазақстан
Нұрлан Бектасұлы Байсынов
050040, Алматы қ., Әл-Фараби даң., 71/23
С. А. Кошкимбаева
Қазақстан
050040, Алматы қ., Әл-Фараби даң., 71/23
К. Н. Алимханова
Қазақстан
050000, Алматы қ., Төле Би к-сі, 94
Г. К. Сарманбетова
Қазақстан
050000, Алматы қ., «Энергия» бау-бақша серіктестігі, 69
Л. Ж. Темирбаева
Қазақстан
050000, Алматы қ., Төле Би к-сі, 94
Әдебиет тізімі
1. Довнар-Запольская О. Н. Менингококковая инфекция у детей. Минск; 2019: 3.
2. Алекешова Л.Ж., Смагул М.А. Клинико-эпидемиологическая характеристика менингококковой инфекции в Казахстане. Журнал инфектологии. 2020; 12 (1): 5-12.
3. Крючкова А.В., Панина О.А., Шульга М.А., Хачирова В.В. Эпидемиология менингококковой инфекции на современном этапе. Журнал инфектологии. 2020; 12 (1): 19-23.
4. Миноранская Н.С., Тихонова Е.П., Кузьмина Т.Ю., Калинина Ю.С. Менингококковая инфекция у взрослых. Журнал инфектологии. 2020; 12 (1): 24-28.
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Байсынов Н.Б., Кошкимбаева С.А., Алимханова К.Н., Сарманбетова Г.К., Темирбаева Л.Ж. 2010 – 2022 жылдар ҚР менингококк инфекциясымен сырқаттанушылықтың маусымдық ауытқуын талдау. Медицина және экология. 2025;(4):96-104. https://doi.org/10.59598/ME-2305-6053-2025-117-4-96-104
For citation:
Baisynov N.B., Koshkimbaeva S.A., Alimkhanova K.N., Sarmanbetova G.K., Temirbaeva L.Zh. Analysis of seasonal fluctuations in the incidence of meningococcal infection in. Medicine and ecology. 2025;(4):96-104. (In Kazakh) https://doi.org/10.59598/ME-2305-6053-2025-117-4-96-104
JATS XML











